gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында 55 елді мекеннің 48-і табиғи газбен толық қамтылған

24 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында 55 елді мекеннің 48-і табиғи газбен толық қамтылған
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл облыста 516 елді мекенді табиғи газбен қамту жоспарланған. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда өңіріміздегі 831 елдімекеннің 465-і, яғни 56 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биыл бұл көрсеткішті 62 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ал, алдағы 3 жылда қосымша 247 елді мекенді табиғи газға қосып, нәтижесінде 2025 жылы қамту деңгейі 722 елді мекенге (86,8%) жеткізілмек. Облысты алдағы уақытта газбен жабдықтау саласында жалпы құны 19,1 млрд. теңгені құрайтын 56 жоба әзірленген. Бүгінде өңірімізде тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасуз ету мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Солардың бірқатарына тоқталсақ.

Мәселен, Төлеби ауданында газ құбырының жалпы ұзындығы 1 151,5 шақырымды құрайды. Оның 127,0 шақырымы жоғары қысымды,790,1 шақырымы орта қысымды, 234,3 шақырымы төмен қысымды құбырлар. Сонымен қатар, өңірде 49,52 шақырымды құрайтын қорғалған жер асты құбырлар бар. Газ реттеу құрылғылары (ГРП, ГШРП) — 16 917  дана.Газ ауданға  2 АГТС  таралады. ( АГТС Зертас және  АГТС-4 Шымкент).

Айта кетейік, жалпы аудандағы 55 елді мекеннің 48-і (87,3%) орталықтанған табиғи газбен толық қамтылған. Бүгінгі таңда аудан аумағында 115 435 тұрғын, 20 970 абонент газға қосылған.2021-2022 жылдар аралығында 3 елді мекен газға қосылды. Бұл 92,7 пайызды құрайды. Қазіргі таңда аудандағы елді мекендерге газ тарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталсақ.

Айталық, Қоғалы ауыл округіне қарасты болған Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы елді мекендеріне газ құбырларын тарту мақсатында республикалық бюджет есебінен 475,4 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда осы қаржының 463,9 млн.теңгесі игерілді. 12,0 млн теңге қалып отыр. Аталған елді мекендерге жалпы ұзындығы 43,1 шақырым құбыр тартылып,531 дана ГШРП орнатылды. Жобада қаралмаған34 үйге қосымша газ құбыры тартылды.

Бүгінгі таңда құбырлар сығымдаудан өткізіліп, газды қосуға техникалық шарты алынған. ИТД нөмірлері алынды, «ИГОА» мен «КТГ» келісім шарт түзілуде.

Дәл осындай жұмыстар Қасқасу ауыл округіне қарасты Қасқасу, Жоғарғы, Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық елді мекендерінде де атқарылуда. Аталған елді мекендерге газ құбырларын тартуға республикалық бюджет есебінен 692,7 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда осы қаржының 548,2 млн. теңгесі игерілді. 144,5 млн теңгесі қалып отыр.

Бүгінге жалпы ұзындығы 65,11 шақырымды құрайтын ПЭ газ құбыры мен 8,0 шақырым темір құбы тартылып, 800 жуық  ГШРП орнатылды. Жобада қаралмаған 81 үйге қосымша газ құбыры тартылды. Нысандағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Сонымен қатар, Ленгір қаласындағы Күмістөбе, Кенші көшелеріне,Достық елді мекеніндегі Астана көшесіне, Киелітас елді мекеніндегі Қарауылтөбе, Қорған көшелеріне, Қарақия елді мекеніндегі Қарақия көшесіне газ жеткізу мақсатында атқарылуы тиіс жұмыстарға республикалық бюджет есебінен 147,1 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда осы қаржының 130,1 млн теңгесі игерілді. 17 млн теңгесі қалып отыр. Қазіргі таңда ұзындығы 13,7 шақырым газ құбыры  тартылып, құбырлар  сығымдаудан өткізіп, газға қосу үшін теникалық шарты алынды. Кенші көшесінің газы іске қосылды. Аталған елді мекендердегі көшелерде атқарылуы тиіс жұмыстар биыл да жлғасын табатын болады. Қарақия елді мекеніндегі  ППР келісімге ұсынылды.

Ал, Бірінші Мамыр ауыл округіндегі Социал массивіне республикалық бюджет есебінен 28,1 млн.теңге бөлінді. Бүгінге дейін осы қаржының 28,1 млн. теңгесі игерілді. Жалпы ұзындығы  3,05 шақырым құбыр тартылып, 12 дана ШРП орнатылды. Жобада қаралмаған 2 үйге қосымша газ құбыры тартылды. Қазіргі таңда мұнда құбырлар сығымдаудан өткізіліп, газға қосу үшін теш.шарты, ИТД нөмір алынды. Газ іске қосылады.

Көксайек елді мекеніндегі Айтеке би, Жіңішке, Тұрсынбай көшелердің тұрғындарын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету мақсатында атқарылуы тиіс жұмыстарға республикалық бюджет есебінен 19,5 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі дейін осы қаржының 17,8 млн (қалғаны 1,7 млн)теңгесі игерілді. Жалпы ұзындығы 1,558 шақырым құбыр тартылып, 12 дана ШРП орнатылды. Жобада қаралмаған 2 үйге қосымша газ құбыры тартылды. Қазіргі таңда мұнда құбырлар сығымдаудан өткізіліп, газға қосу үшін техникалық шарты  алынды. ИТД құжаттары алынып, газ іске қосылды.

Ленгір қаласындағы Таскешу, Саулембаев көшелеріне квартал ішілік газ құбырын жүргізу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 28,6 млн.теңге бөлінген болатын. Бүгінге дейін осы қаржының  28,6 млн теңгесі игерілді. Жалпы ұзындығы 3,41 шақырым құбыр тартылып,39 дана ГШРП орнатылды. Жобада қаралмаған3 үйге қосымша газ құбыры тартылды. Бүгінге құбырлар сығымдаудан өткізіліп, газға қосуға техникалық шарты, ИТД нөмірі алынып, газ іске қосылады.

Сондай-ақ, Ленгір қаласындағы Север мөлтек ауданына квартал ішілік газ құбырын жүргізу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 29,4 млн.теңге бөлінді. Бүгінге дейін осы қаржының 29,4 млн. теңгесі игерілді. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын құбыр тартылып,31 дана ГШРП орнатылды. Жобада қаралмаған2 үйге қосымша газ құбыры тартылды.Бүгінге құбырлар сығымдаудан өткізіліп, газға қосу үшін техникалық шарт  алынды. ИТД алынып, газ іске қосылды.

Previous Post

Шалғай аудандарда мәдениет, білім және спорт салаларын дамытуға қолдау көрсету жанданады

Next Post

Бұйрық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz