Бәйдібек ауданында 51 елді мекеннің 43-і (яғни, 84,3 пайызы) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Ауыз су құбырымен қамтылған 43 елді мекеннің 42-сінде ауыз су берілсе, 1 елді мекенде, атап айтар болсақ, Сарқырама елдімекенінде ауыз су берілуі уақытша тоқтап тұр. Сарқырама елді мекеніндегі тұрғылықты халықтың сұранысына сәйкес, 2021-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлінген 200 135,404 мың теңгеге ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Алем строй-1» ЖШС-і тиісті шараларды атқаруда.
Сонымен қатар, 2021-2023 жылдар аралығында аудан орталығы Шаян елді мекеніндегі тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізу көзделген болатын. Қазіргі таңда бұл жұмыстарды мердігер мекеме «Сапа құрылыс-2007» ЖШС-і қолға алған.
Бүгінде Шақпақ елді мекеніндегі тұрғылықты халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тозығы жеткен ауыз су құбырларын ауыстыру және қайта құру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Оның құны-564 040,0 мың теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы қарастыру көзделген. Сондай-ақ, Ақбастау, Боралдай елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерін де қайта құру жоспарланған болатын. Осы бағытта жасалынған жобалау сметалық құжаттамаға аудандық бюджеттен қаржы қарастырылды. «Redline Pro» ЖШС-гі жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткізілу үстінде.
Түркістан облысының 2022-2025 жылдар аралығында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, аудан аумағындағы Жаңаталап, Жұлдыз ауылдарында жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізу мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорына зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Бұдан бөлек, 5 елді мекенге, Қызылжар, Үсіктас, Шұқыршақ, Байжансай, Нұра елді мекендері шалғай орналасқандықтан және онда халық саны аз, экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан жер асты суын тазартатын кешенді блок-модульдік қондырғылар орнату жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Бұл шаралар да Түркістан облысының 2022-2025 жылдарға арналған елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес атқарылатын болады.
2022-2023 жылдар аралығында аудан аумағындағы Ақжар елді мекенінде жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын салуға республикалық бюджеттен 106 716,0 мың теңге бөлінді. Дәл қазір мердігер мекеме «AIKOM» ЖШС-гі межеленген жұмыстарды атқару үстінде.



