gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаудағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «тең қоғам» бөлімі ашылды

27 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаудағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «тең қоғам» бөлімі ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласында әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Тең қоғам» бөлімі ашылды.
«Тең қоғам» бөлімінің мақсаты — мүгедектерге психологиялық көмек көрсету, кәсіптік бағытта және жұмысқа орналасу бойынша қызмет түрлерін ұсыну, әлеуметтік қызметтер порталында өзіне қажетті құрал таңдауға көмектесу. Онда мүгедектерге арналған кітапхана, дойбы, шахмат инвентарлары және йога бөлмесі қарастырылуда. Мүгедектігі бар адамдармен кәсіпкерлік бағытта тренинг пен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Аталған бөлімде — мүгедектерге санаторлы курортты емделумен, инватакси және әлеуметтік такси қызметімен, құлағы кеміс еститін мүгедектерге ымдау тілі маманымен, мүгедек балаларға күндізгі қатынау бөлімшесі мен оңалту орталықтарымен қызмет көрсетеді.
Жалпы онда І және ІІ топтағы мүгедектерге 4 инватакси қызмет көрсетеді, ІІ топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 3 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді.
Биыл санаторлы курортты емделумен 856 мүгедекке қаржы қарастырылып, шипажаймен қамтамасыз етілу жоспарлануда. Санаторлы курортты емделуге мүгедектер өздерінің электронды цифрлы қолтанбасы (ЭЦҚ) арқылы әлемуеттік қызметтер порталынан шипажай түрін таңдап, бара алады.
Previous Post

Түркістан облысының дәрігерлеріне 15 жедел жәрдем автокөлігі тапсырылды

Next Post

Түркістан облысында инвестициялық штаб жұмысын бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz