gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданы көркейіп келеді

9 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Төлеби ауданы көркейіп келеді
Share on FacebookShare on Twitter
Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, табиғат аясында демалуына қолайлы жасау үшін өткен жылы Төлеби ауданы аумағында саябақтар салынып, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Ленгір қаласындағы шатқалды абаттандыру қолға алынып, «ETNO – АYYL» жобасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында алтыбақан, киіз үйлер, шағын архитектуралық мүсіндер орнатылды.
Шатқал аумағына үш жүзге төбе би болған Төлеби Әлібекұлының есімі беріліп, бабаның алып ескерткіші орнатылды. Сондай-ақ Ленгір қаласындағы орталық «Жеңіс» саябағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығындағы қоғамдық орындар мен «Жеңіс» саябағына тегін wi-fi желісі қойылды.
Аудан тумасы, меценат М.Шерімнің демеушілігімен Сарқырама елді мекенінің 1,5 гектар аумағына заманауи үлгідегі саябақтың құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауыл орталығына мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың биіктігі 5 метрді құрайтын ескерткіші орнатылды.
Зертас елді мекеніндегі Шомшақты және Спатай — Аңдас көшелерінің бойында Кеңес Одағының Батыры Қосан Мамытов атындағы саябақ ашылып, демалыс аймағына батырдың кеуде мүсіні қойылды. Саябақ құрылысының жүзеге асуына жергілікті тұрғындар да атсалысты.
Төлеби ауданында саябақ құрылысымен қатар, абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Ленгір қаласынан Зертас елді мекеніне шыға берісіндегі жол бойына Төле баба монументі тақтайшасы орнатылды.
«Үздік елді мекен», «Үздік көше» және «Үздік аула» номинациясы бойынша жүлделі орыннан көрінген ауылдық округтер аумағына балалар ойын алаңшалары орнатылды. Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 9 балалар ойын алаңшасы, спорттық алаңша салынып, жарықшамдар мен бейнекамералар орнатылды. Ішкі жолдар кеңейтілді.
Сондай-ақ Сұлтан Рабат елді мекеніндегі спорт алаңшасы қоршалып, Ұзынарық елді мекеніндегі спорттық алаңшаға көгал төселіп, Зертас елді мекеніне спорттық алаңша, Әңгірата елді мекеніне аллея ашылды.
Аудан аумағын абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстары биыл да жалғасын табады.
Previous Post

Кентауда «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында жолдар құрылысы жалғасады

Next Post

Сауран ауданы тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz