gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында ағын су тапшылығын жою мақсатында бес ірі жоба жүзеге асуда

7 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында ағын су тапшылығын жою мақсатында бес ірі жоба жүзеге асуда
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысын ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Бұл мақсатта облыста бірқатар ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Құрылыс пен жөндеу жұмыстары аяқталғанда өңірде ағын су тапшылғы шешіледі.
«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында 261 млн. м3 қосымша ағын су жеткізетін стратегиялық маңызға ие 5 ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Түркістан магистралды каналы» күрделі жөндеуден өтті. 59 шақырым канал бетонмен қапталып, Түркістан қаласы аумағындағы 2,1 шақырым каналдың бойы абаттандырылды. Ауқымды жұмыстардың нәтижесінде жылына 60 млн.м3 ағын су үнемделетін болады. «Түркістан магистралды каналының» су өткізу құрылымдарына су есебін жүргізетін австралиялық «Rubicon Water» компаниясының автоматтандыру жүйесі орнатылды.
Түркістан облысында сыйымдылығы 18,5 млн.м3 құрайтын «Кеңсай- Қосқорған-2» су қоймасы салынып, пайдалануға берілді. Жалпы жоба аясында жылына қосымша 31 млн.м3 ағын су жеткізіледі. Сонымен қатар «Боралдай» және «Бәйдібек ата» су қоймаларын салу жоспарланып отыр. Бүгінде жобалары әзірленіп, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесі салынуда. Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады.
Бұдан бөлек, 2022 жылы облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып, Отырар ауданындағы су нысаны күрделі жөндеуден өтті. 6 су нысанына Қазығұрт ауданындағы Р-4-4, Р-2 және облыстық коммуналдық меншіктегі Ордабасы ауданындағы «Бөген», Сауран ауданындағы «Қошқорған» су қоймалары, Ордабасы ауданындағы «Қараспан» су торабы мен Түркістан магистралды каналына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ Мақтаарал ауданының коммуналдық меншіктегі барлық 141 шақырымды құрайтын 54 қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізілуде. Нәтижесінде 13 мың гектарға жуық жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады.
Previous Post

Тұран ауданы округтік сайлау комиссиясының отырысы өтті

Next Post

Келес ауданында 510 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz