gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келестегі «Ақылбексай» су қоймасына 27 % су жиналды

8 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келестегі «Ақылбексай» су қоймасына 27 % су жиналды
Share on FacebookShare on Twitter
Келес ауданының аумағында иесіз су қоймалары мен бөгеттер жоқ. Қошқарата ауыл округінің күн батыс беткейінде, яғни Абай ауылынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты «Ақылбексай» су қоймасына визуалды зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, қазіргі таңда жалпы сыйымдылығы 25,0 млн. м/куб су қоймасында 6, 683 млн. м/куб, 27 % су жиналғаны анықталды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппаратық жиынында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Хайрулла Кеңесов баяндады.
— Келес ауданы аумағында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы Сарыағаш өндірістік бөлімшесінің «Келес» өзенінің бойында «Ошақты», «Бес-Абдал» «Оймауыт» гидротехникалық құрылыстары орналасқан. Ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні визуалды зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында «Ошақты», «Бес-Абдал» «Оймауыт» гидротехникалық құрылыстарының жағдайы қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды, — деді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
Өз кезегінде аудан басшысы Жәнібек Есенұлы алдағы уақытта ауа райының қолайсыздығынан туындайтын жайсыздықтарға дайындықты пысықтап, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе шешім қабылдау қажеттігіне тоқталды. Жиын барысында аудан көлемінде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде алдағы жоспарлар сараланды.
Previous Post

Жетісайлық шаруалар қырыққабат егуді бастады

Next Post

Түркістан облысында бір жылда 10 мыңға жуық тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz