gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түйеқұстың бір жұмыртқасымен 10-12 адамды тойдыруға болады — түркістандық зейнеткер

20 января, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түйеқұстың бір жұмыртқасымен 10-12 адамды тойдыруға болады — түркістандық зейнеткер
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданының тұрғыны Әлзақ Ерімбетов екі жылдан бері түйеқұс өсіру ісімен айналысып келеді. 65 жастағы зейнеткер үшін бұл күнделікті үйреншікті кәсіпке айналып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырарлық Ерімбетовтер шаңырағын жерлестері «Зоопаркі бар үй» атап кеткен. Себебі, мұнда қазір африкалық құстар өсіріледі. Аулада қаз, үйрек, қырғауыл, бөдене, кекілік, тотықұс та болған. Тіпті, үй иелері сұлулықтың символы – аққуды да асырапты. Дегенмен, қолға үйренбеген дала құсы көп өмір сүре алмаған.

«Аққуды 6 айдай асырадық. Қолдан көлшік жасап қойғанбыз. Дегенмен, жерсінбеді. 50-ге жуық тауығымыз болды. Оның ішінде бірнеше түрін өсірдік. Жұмыстқасын сатып, кәсібімізді кеңейттік. Қора салдық. Түйеқұстарды сол кәсіптен түскен қаржыға сатып алдық», — дейді ақсақал.

Бүгінде Ерімбетовтер ауласында 8 түйеқұс бар. Оның төртеуі африкалық, төртеуі австралиялық түрінен алынған. Олардың өзіндік ерекшеліктері де көп. Мәселен, африкалық түйеқұстар ірі болып келеді. Бойы 2,8-3 метрге дейін жетеді. Ал, австралиялықтардың бойы – 1-1,5 метр. Жұмыртасы да кішкентай.

«Африкалық 4 балапанның әрқайсысын 100 мың теңгеден, австралиялық балапандарды 70 мыңнан сатып алған болатынмын. Бүгінде сол балапандарды көбейтіп, жемісін көріп отырмын. Ал, қазір біреуі 1 млн теңгенің жобасында бағаланады», — дейді Әлзақ Ерімбетов.

Қарияның айтуынша, түйеқұс өсіруден түсетін пайда көп. Оның терісі, тұяғы, тұмсығы, әсіресе еті нарықта зор сұранысқа ие. Өйткені, етінің құрамында май мен холостерин аз болғандықтан, өте өтімді. Бойы 2-3 метр келетін аталығы 100-150 кг дейін ет берсе, салмағы 3-3,5 кг келетін жұмыртқасының біреуін қуырып, 10-12 адамды тамақтандыруға болады. Бір маусымда 120 жұмыртқа табатын түйеқұстар негізінен жем-шөппен қоректенеді. Күтімі жақсы болса 80-100 жыл өмір сүреді.

«Түйеқұстарға арнап ұзындығы 50 метр болатын қора салдық. Себебі, олар күніне 70 шақырым жүруі керек. Жем-шөп жеп алған соң, ішінде жүгіреді, ары-бері жүреді. Кішкентай кезінде немерелерім үстіне шығып алып, ат етіп мінетін. Қазір өсті. Асау, анау-мынауға көнбейді. Жұмыстқасын арнайы ұзын тақтаймен тартып аламыз», — дейді шаруа.

Сондай-ақ, қарияның ауласында 7 павлин бар. Олардың да күтімін ақсақалдың өзі жасайды. Жемін, суын беріп, жұмыртқасын жинап алады.

«Павлиннің бір жұмытқасы 5 мың теңге тұрады. Құстың бір жұбы 150 000 теңгеге бағаланады. Көпшілік «Бақыт құсы» деп атайды ғой. Сондықтан, өсіріп келеміз», — дейді ол.

Кәсіпкер қарияның кей істеріне ұлы Жанұзақ көмектеседі. Ал, ұлы жұмысқа кеткен сәтінде барша шаруашылыққа атайдың өзі бас көз болып қалады.

Бір кереметі, шаруаның ауласындағы қора-қопсы автоматтандырылған. Құстарды суару үшін бір тетікті басу жетіп жатыр. Жем-шөп дайындау ісінде де жаңа технологиялар қолданылады. Шөп алдын ала аппаратпен туралып, құстардың алдына жеткізіледі. Физикалық күш жұмсаудың көп қажеттілігі де жоқ.

«Жалпы, құс шаруашылығымен 2015 жылдан бастап айналыса бастадым. Ал, түйеқұс өсіруді қолға алғаныма 3 жыл болды. Одан бөлек, инкубаторлар арқылы балапан аштырып, сатамыз. Енді даладан қора салатын жер көріп жүрмін. Себебі, түйеқұстарды көбейтейін десем ауладағы қорама сыймайды», — дейді ақсақал.

Бүгінде Отырар ауданының орталығы, Шәуілдір ауылында орналасқан шағын шаруашылыққа қызығушылық танытып, көріп кететіндер көп. Тіпті, жерлестері үйіне келген қонақтарын ертіп келіп, түйеқұстарды тамашалайды. Мұндайда Әлзақ ақсақалдың есігі әрдайым ашық.

Previous Post

Түркістанда 257 нысан салынды

Next Post

Бұл реформаның жөні бөлек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz