gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасылық тұрғындарға «Ауыл аманаты» жобасы кеңінен түсіндірілді

16 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасылық тұрғындарға «Ауыл аманаты» жобасы кеңінен түсіндірілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімдігімен құрылған жұмысшы топ Ордабасы ауданында жергілікті кәсіпкерлермен және кәсіп бастауға ниетті тұрғындармен кездесті.
Жиында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген пайызбен несиелендіру бағдарламалары мен Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдағы халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы, «Түркістан» Әлеуметтік-касіпкерлік корпарациясы» АҚ-ның инвестициялық жобаларды жүзеге асыру департаменті және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС өкілдері қатысты. Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпарация» Түркістан облысы бойынша филиалы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталық» ЖШС-ның өкілдері және облыстық ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және сауда басқармаларының өкілдері қатысты.
Жиында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алатындығы және техниканы лизингке рәсімдеуге болатындығы түсіндірілді. Несие мерзімі — бес жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша жеті жылға дейін. Несиенің сомасы — 8 млн 600 мың. теңгені құрайды. Ал агро коперацияға 8 000 АЕК-дейін, сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету міндетті.
Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында 2023 жылы Түркістан облысына 21-35 жас аралығындағы жастарға жалпы 2,9 млрд.тг. микроқаржы бөлінген. Несие беру шарты бойынша микроқаржы мерзімі бес жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін жеті жылға дейін беріледі. Микроқаржы мөлшері 5,0 млн.тг. дейін.
Айта кетсек, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бағдарламасымен Түркістан облысына 2023 жылға грант алуышылар үшін 2,3 млрд.тг. қаржы бөлінген.
Previous Post

Мәдениет және спорт министрі өңір тұрғындарымен кездесті

Next Post

Кентауда заманауи спорт залдары пайдалануға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz