gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеге жеткен

15 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеге жеткен
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында 2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1 трлн 37 млрд. теңгені құраған. Нәтижесінде 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артық орындалды. Бұл жайында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Гүлнар Күнтуғанова мәлім етті.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Түркістан облысы республикада алдыңғы қатарда. Елдегі жалпы өнім көлемінің 12%-ы біздің өңірге тиесілі. Облыста 74,2 мың шаруа қожалығы тіркелген, бұл республикалық көрсеткіштің 31%-ын құрайды.
2022 жылы облыста ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің едәуір үлесі Сайрам (12%), Сарыағаш (11,5%) және Жетісай (10,2%) аудандарына тиесілі. Өңірде ауылшаруашылық дақылдарының жалпы егістік алқабы 861 мың гектарға жетіп, 2021 жылға қарағанда 1,8%-ға ұлғайғандығын көрсетіп отыр. Түркістан облысы — республика бойынша мақта өсіретін жалғыз аймақ. Мақтаның жалпы егістік көлемі — 126 мың гектар. Былтыр облыс бойынша 362 мың тонна мақта жиналған.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өсім +18,7% болды, тамақ өнеркәсібіне 10,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім +7,4%-ды құрады. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласында 19,5 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 671 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 30,3 млрд. теңге бөлініп, 25 112 агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қолдау көрсетілді.
Жылыжайлардың жалпы көлемі 101 гектарға жетіп, жалпы көлемі 1 569,0 гектарды құрады. Елдегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысында. Жаңадан 1293 ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5,6%-ға жетті.
Түркістан облысы 2022 жылдың қорытындысымен ет өндірісі бойынша Алматы облысынан кейін 2-орынды алып отыр. Ал қой саны жағынан Түркістан облысы республика бойынша бірінші орынды иемденді. 2023 жылдың 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша өңірдегі қойдың саны 4 млн 276 мыңға жеткен.
Previous Post

Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есе ұлғайту жоспарланды

Next Post

Биыл Түркістан облысында үш визит-орталықтың құрылысы аяқталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz