gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда жүгеріден 29 түрлі өнім шығаратын зауыт ашу үшін жұмыс жүріп жатыр

15 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтааралда жүгеріден 29 түрлі өнім шығаратын зауыт ашу үшін жұмыс жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Мақтаарал ауданын жанаша қарқында дамыту, өндіріс орындарын ашу жұмыстары жанданады. Бұл туралы Мақтаарал тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Өңір басшысы мақта алқаптарын әртараптандыру, шиттің сапасын арттыру мәселесіне де тоқталды.
– Мақтааралда жүгеріден 29 түрлі өнім шығаратын зауыт ашу үшін жұмыс жүріп жатыр. Жоба жүзеге асқанда жүздеген жаңа жұмыс орны ашылады. Егістікті әртараптандыру қажет. Былтыр біздің мақтаны көрші елдің біраз фабрикасы сатып алудан бас тартты. Сондықтан сапаны арттырған жөн. Ол үшін өткен жылы Түркиядан жоғары сапалы шитті мақта тұқымын алып келу үшін келісімшарт жасалды. Мақтааралдың әлеуеті жоғары. Мұнда еңбекқор халық тұрады. Ел Президентінің тапсырмасымен «Дарбаза-Мақтаарал» теміржолының құрылысы жүреді. Саяси шешім қабылданып, экономикалық және техникалық негіздемесі әзірленуде. Бұл бастама аймақтың дамуына тың серпін береді, – деген Дархан Сатыбалды аудандағы мәселелер мен «сақалды» құрылыстарға да тоқталды. Түрлі себептермен құрылысы шатқаяқтаған мектептердің мәселесін шешу бағытында жұмыс жүріп жатқанын жеткізді.
Кездесуде облыс әкімі ауданды дамыту бағытында атқарылған жұмыстармен, алдағы жоспарлармен таныстырды. Былтырғы кездесуден кейін біраз мәселе өз шешімін тапты. Атап айтқанда, Жамбыл елді мекенінің көшелеріне трансформаторлар орнатылып, электр желілері жүргізілді.
Алаш елді мекенінде 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жалын, Жайлыбаев елді мекендерінде жаңадан мәдениет үйлерін салуға қаржы қаралды. Сондай-ақ Мырзакент елді мекенінде спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 368 млн. теңге бағытталды.
Ел Президентінің ауылдарды дамыту тапсырмасы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шаруаларға несие беріледі. Мақтаарал ауданында бұл бағдарламаны пилоттық режимде Достық, Қалыбеков ауыл округтерінде іске асыру жоспарланып отыр.
Ауданда «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 5 жаңа мектеп салынады. Игілік ауылында бір ауысымды 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысына қаржы бөлінді. Жұмыстарды осы жылы аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы Шаттық, Ақ алтын және Еңбекші елді мекендерінде медициналық пункттері салынып, пайдалануға беріледі.
Мақтаарал ауданында өнеркәсіп өнім көлемі былтыр 16 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға 22,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын жаңа 2 инвестициялық жоба (мақта талшығын өндіру зауыты, асфальт зауыты) іске асырылып, 175 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл 1,7 млрд. теңгеге 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды. Нәтижесінде 108 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылы 81 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ауданда 141 шақырым арналар механикалық тазалаудан өтіп, 13 мың гектар суармалы жердің жағдайы жақсарды. Осы жылға шаруаларға төмендетілген бағамен 5,7 мың тонна дизель отыны бөлінді. Табиғи газ жүйесімен 40 елді мекен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта «Мақтаарал» АГТС құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Оңтүстік Жарық Транзиттің» инвестициялық бағдарламасымен 50 шақырым электр желісі, 10 дана трансформатор ауыстырылды. Жолдарды жөндеу үшін бюджеттен былтыр қаржы бөлініп, елді мекендерде 58 ішкі көше жөндеуден өткен.
Previous Post

Биыл Түркістан облысында үш визит-орталықтың құрылысы аяқталады

Next Post

Түркістан облысының шаруалары наурыз айында қызанақты экспорттауды жоспарлап отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz