Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін облыстық орталықта болды. Мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы қызмет алушылардың жағдайын білді.
Педиатр, терапевт, невропатолог-ортопед дәрігерлері мен мейірбикелері жұмыс істейтін мекемеде жалпы 60-тан астам мүгедектігі бар балаға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, тәрбиешілер, деффектологтар, логопед мұғалімдері, психолог мамандары мен әдіскерлерден әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрлерін алуға мүмкіндік бар.
Облыс әкімінің орынбасары «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесіне де арнайы барып жұмыс барысымен танысты. Орталық 1976 салынған. Қазіргі таңда 18 жастан асқан шизофрения, ақыл-есі кемістігі, эпилепсиямен, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданулары мен I, II — топтағы 510 мүгедектігі бар адам қызмет алуда.
Қызмет алушыларға қолданыстағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынылуда. Атап айтқанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік — мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызметтерін көрсетуге жағдайлар қарастырылған.