gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биылдан бастап егіс жұмыстарына арналған дизель онлайн бөліне бастайды

22 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биылдан бастап егіс жұмыстарына арналған дизель онлайн бөліне бастайды
Share on FacebookShare on Twitter
Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына дизель отынын бөлудің жаңа тетіктерін іске қосады. Ведомство дизель отынын бөлудің барлық процестерін, оның ішінде дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындау жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін және операторларды айқындау шарттарын, сондай-ақ дизель отынының көлемін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде электрондық қалыптастыру және бөлу процесін қамтитын қағидалар жобасын әзірледі.
АШМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шаруалар үшін жанармай көлемін қалыптастыру және бөлу ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша 1 гектарға дизель отыны шығысының нормативтеріне сәйкес, егіс алқаптарын ескере отырып жүргізіледі. Дизель отынын алушылардың тізілімі gosagro.kz. порталында автоматтандырылған режимде жасалады.
Қазіргі уақытта қағида жобасы салалық қоғамдық ұйымдар мен «Атамекен» ҰКП-да қарау және келісу рәсімінен өтіп жатыр. Құжаттың жобасымен «Ашық НҚА» порталында да танысуға болады.
Барлық келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар қаралады және негіз болған жағдайда қағидалар жобасын пысықтау кезінде ескеріледі.
Айта кетейік, дизель отынын электрондық бөлуді СБМАЖ-ға республика өңірлерінде пилоттық режимде сынақтан өткізгеннен кейін ғана енгізу жоспарланып отыр.
Previous Post

Түркістан облысында «Қарақуыс» су қоймасы салынады

Next Post

Түркістан облысының климатына байланысты көшеттердің жерсінуі 50 % -дан аспайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz