gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаудағы жылу электр орталығын модернизациялау жобасы қаралды

28 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаудағы жылу электр орталығын модернизациялау жобасы қаралды
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығында қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста өңірдегі жылу электр орталықтарының техникалық жай-күйіне талдау жүргізілді. Алда атқарылар ауқымды жұмыстар бойынша еліміздегі ең ірі зауыт басшыларымен кездескен облыс басшысына жылу желілерін жаңарту бойынша жобалар таныстырылды. Әкім жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Модернизация барысында ең басты талап – сапа.
Жобада көрсетілгендей, тозығы жеткен жылу электр орталығында магистралдық құбырлар мен 4 насос станциялары жаңарады. Сонымен бірге облыс әкіміне 6 қазандық пен турбогенераторды жаңалау жоспары таныстырылды. Подстанция мен орталықтың ішкі орам жүйелерін қайта құру бойынша жұмыстар баяндалды. Ауқымды жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңдегі қайта құру жұмыстары алдағы жылыту маусымына қарсы аяқтауды көздеп отыр.
Кентау – Түркістан облысындағы моноқаланың бірі. Мұнда 100 мыңнан астам халық қоныстанған. Қалада 347 көп қабатты тұрғын үй бар. 14 мың абонент орталықтандырылған жылуға қосылған. Сондай-ақ 2000-нан астам жеке сектордағы тұрғын үйлер мен 106 бюджеттік мекеме, 441 коммерциялық нысан аталған орталықтан жылу алып отыр. Айта кетейік, Кентаудағы №5 жылу энерго орталығы 1934 жылы салынған. Мамандардың мәліметінше, негізгі материалдық жабдықтардың 85 пайызы тозған.
Previous Post

Жетісайлық шаруалар наурыз айында қауын екпек

Next Post

Дархан Сатыбалды "Тұран су" мекемесінің жұмысын жандандыруды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz