Түркістан облысында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен қабылданған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында 2027 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есеге арттыру көзделген. Соның ішінде биыл егіс көлемі 860 мың гектарға орналастыру, бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасын 9303 гектарға ұлғайту көзделген. Картоп, бақша дақылдары 9,7 мың гектарға, яғни 2022 жылы 119,4 мың гектар болса, 2023 жылы 129,1 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Сайрам ауданында дәл қазіргі таңда картоп егу жұмыстары қарқын алуда. Сала мамандарының айтуынша, ауданда негізінен ерте пісетін Ресей мемлекетінен әкелінетін голландиялық картоп тұқымдары егіле бастады. Картоп алқаптарының негізгі көлемі Қарабұлақ, Көлкент, Құтарыс, Манкент, Қарасу ауылдық округтерінде орналасқан. Ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары және үй іргерлік жер иелері телімдерінде картоп өсіру қыр сырларын жоғары деңгейде меңгеріп, жақсы өнім алу бойынша Түркістан облысында алдыңғы қатарда келеді. Ерте пісетін картоп өнімінің басым бөлігі Республиканың Солтүстік облыстарына Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Астана, Түркістан, Шымкент, Алматы қалаларына сатуға жіберіледі.
Сайрам ауданы бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 52,8 мың гектарға орналастыру межеленіп отыр. Егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың, мал азықтық дақылдардың, көкөніс, картоп, бақша дақылдарының, майлы дақылдардың егіс көлемін арттыру көзделуде. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында ерте пісетін қырыққабаттың егіс көлемін 0,5 мың гектарға, сәбіздің егіс көлемін 0,2 мың гектарға, пияздың егіс көлемін 0,8 мың гектарға, картоптың егіс көлемін 3,5 мың гектарға арттыру жоспарлануда.
Мұнда болжам бойынша ерте пісетін дақылдардың жалпы егіс көлемі 5,0 мың га ұлғайтылып, сәуір-тамыз айлары аралығында 112,2 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Жер айдау жұмыстары 20,8 мың гектарға межеленіп, нақты 18,8 мың гектарға немесе 91 пайыз орындалды.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Сайрам ауданына 2,9 мың тонна жанармай бөлінді. Оның ішінде ақпан айына – 780 тонна, наурыз айына – 780 тонна, сәуір айына – 910 тонна, мамыр айына 520 тонна жұмсау жоспарланған. Босату жұмыстары наурыз айынан бастап жүргізіледі.
Көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарына қажетті бөлінген жанармайды агроқұрылымдарға жеткізуші операторларды облыстық комиссия айқындады. Олар: «Майсс» және «MTS XXI» ЖШС-тері.
2023 жылдың 20 ақпанынан бастап минералды тыңайтқыштардың 50 пайызын субсидиялау бағдарламасы «Госагро» субсидиялаудың автоматтық жүйесі арқылы өтінім қабылдау басталады. Сайрам ауданында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы кеңінен іске асырылуда. Биылғы жылы аталған жобаны 337,4 гектарға жүзеге асыру жұмыстары жоспарлануда.
Сайрам ауданында 1,3 мың дана ауыл шаруашылығы техникалары бар. Дала жұмыстарына техникалардың дайындығы 92 пайыз дайын.
Жоғарыда айтып өткендей, өңір басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен қабылданған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жылыжай шаруашылығын дамытуға да басымдық берілген. Нақты айтар болсақ, қосымша 93 гектарға жылыжайлар салу жоспарланған. Осы мақсатта қазіргі таңда облыста бірқатар шаралар атқарылуда. Айталық, бүгінде Сайрам ауданында жылына 16 мың тонна қызанақ пен қияр өсіретін жылыжай бар.
Жалпы ауданда 11 гектар жерді қамтитын, облыстағы ең ірі жылыжай кешені бар. Бұл жылыжай өнімдері ел аумағында және Ресей еліне экспорттауға бағытталған. «ЭкоИнвест» жылыжай кешенінің жалпы аумағы 21 гектарды құрайды, қазіргі таңда 11 гектар жерді қамтып, оның 5 гектар жеріне қызанақ, 6 гектар жерінде қияр өсуде. Алдағы жылы қалған 10 гектар жылыжай құрылысы аяқталып, іске қосылмақ. Қазіргі таңда мұнда қызанақтың 7, ал қиярдың 2 түрлі сорты өсірілуде. Жылыжайда 200-ге жуық жұмысшы жұмыс істейді.
Ал, Жетісай ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жалпы 105,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 3,8 млрд теңгеге жеткен. 78,5 мың га жерге орналастырылған ауыл шаруашылығы дақылдарының 49,5 мың гектары мақта, 15 мың гектардан астамы бақша, 10,7 мың гектарға мал азықтық өнімдері болса, 3,2 мың гектарға көкөніс пен басқа да дақылдар егілген.
Бұйыртса, биыл 44 мың гектарға мақта, 6 мың гектарға дәндік жүгері, 19 мың гектар алқапқа бақша, 3,3 мың гектарға көкініс, 727 гектар алқапқа күріш, 6 мың гектар алқапқа мал азықтық дақылдарын егу жоспарлануда.