gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі үш жастағы баланы құтқарған оқушыны марапаттады

7 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының әкімі үш жастағы баланы құтқарған оқушыны марапаттады
Share on FacebookShare on Twitter
Жуырда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округінде оқушы жеткіншек суға ағып бара жатқан 3 жастағы баланы құтқарып қалған болатын. Бұл оқиға елімізде кеңінен талқыланып, жұртшылық батыр балаға ризашылықтарын білдірді. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды батыр оқушыны қабылдап, арнайы марапаттады.
– Кішкентай баланы судан құтқарып алғаныңды ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіден көріп, сүйсіндік. Аттың үстінде үлкен жігіт сияқты көріндің. Оқушы екенсің. Осы ерлігің үшін саған және өзіңдей патриот ұлды тәрбиелеген ата-анаңа алғысымды айтамын. Жарайсың! – деген Дархан Сатыбалды Нұркелді батырға Алғыс хат пен бағалы сыйлығын тапсырды.
Оқушының әкесі арнайы көңіл бөліп, құрмет көрсеткен өңір басшысына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Нұркелді Нұрполат 4 наурыз күні сағат 11:30 шамасында каналда ағып бара жатқан кішкентай баланы байқаған. Нұркелді ойланбастан атынан секіріп түсіп, баланы судан алып шығады. Ес-түссіз қалған баланың аяқ-қолын қимылдатып, жасанды дем беріп, алғашқы көмек көрсеткен. Құтқарылған бала үш жарым жаста екен. Ал баланы құтқарған батыр бала Нұркелді Нұрполат 2008 жылы, 1 желтоқсанда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Мектепте үлгілі тәртібімен, үздік оқуымен ерекшеленеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Футбол үйірмесіне қатысып, түрлі деңгейдегі жарыстарда көзге түсіп жүр. Отбасындағы үш ұл, үш қыздың ішіндегі екінші перзенті.
Previous Post

Дархан Сатыбалды Түркістан өңірінің ардақты аналарына құрмет көрсетті

Next Post

Келесте 25 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz