gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрамдық бағбан бір түп алмадан 5 түрлі өнім алып отыр

20 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрамдық бағбан бір түп алмадан 5 түрлі өнім алып отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрамдық шаруа Икрамжан Розақұлов 20 жылдан бері алма өсірумен айналысып келеді. Алғашқыда 70 сотық жерге алма көшеттерін отырғызған ол мол өнім алып, шет елге дейін экспорттаған. Кейіннен бау-бақшаны 2 гектарға ұлғайтып, түрлі алма көшеттерін отырғызды. Оннан астам алманың сортын егіп, шағын шаруашылықты үлкен алма баққа айналдырды. Қазір шаруаның бау бақшасында алма ағаштары жайқалып өсіп тұр. Жыл сайын 60-70 тоннаға жуық өнім алып, сатылымға шығаруда.

«Жыл сайын шетелге экспорттап, мол табыс табатынбыз. Соңғы екі жыл көлемінде елде орнаған карантин саудамызды төмендетіп жіберді. Биыл да мол өнім жиналды. Дегенмен, алушы аз» — дейді шаруа.

Бүгінде Икрамжан Розақұлов алма ағаштарын будандастырып, бір түпке 5 түрлі алма өсіріп отыр. Яғни, бір тамырдан шыққан ағашта голден, делишес, вейнсеп, стар кримсон, мелба, бес жұлдұз атты алма сорттары өсіп тұр. Қазір голден мен делишес өнім берген. Ал, қалған үш сорттың өнімі енді жиналады.

«Мен өзім Ташкентке барып үш ай оқып келдім. Сондағы шаруалардың қасында жүріп тәжірибе жинадым. Қазір бар үйренгенімді өз бау-бақшама қолданып келемін. Сондай-ақ, көмек сұраушыларға үйретіп жатырмын. Жуырда Шымкенттегі бір шаруаның үйінде болып, ондағы бір түпке 10 түрлі алманың көшетін отырғызып бердім. Оның 5,6 түрі ғана өніп, өнім беруі мүмкін» — дейді шаруа.

Previous Post

Көктемде 460 мың тонна өнім жинау жаспарланып отыр

Next Post

Түркістан облысында 460 мың тонна ерте көктемгі өнім жинау жоспарлануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz