gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Наурыз — тазалықтың айнасы» атауымен сенбілік өтті

11 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында «Наурыз — тазалықтың айнасы» атауымен сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн бойы 10 түрлі атаумен атап өтілмек. Осы орайда, бүгін өңірде онкүндіктің алғашқы шарасы «Наурыз — тазалықтың айнасы» атауымен сенбіліктен бастау алды.
Игі бастама аясында облыстағы 17 аудан, қалада тұтастай сенбіліктер ұйымдастырылып, «Әр отбасыдан – бір ағаш» тал егу акциясы өтті. Аталмыш шарада жергілікті аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері, әлеуметтік нысандар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар, мен БАҚ өкілдері, жергілікті тұрғындар белсенділік танытып, туған жер табиғатының түрленуіне үлестерін қосты.
Атап айтсақ, Арыс қаласындағы тазалық шарасы «Арбат» саябағынан басталып, Тәжібаев көшесінің бойына дейін жалғасты. «Жасыл Арыс» мекемесі ағаш көшеттерін арнайы техникамен жеткізіп, қажетті құралдармен қамтыды. Мемлекеттік қызметшілер «жасыларыстықтармен» бірге дайындалған аумаққа жиынтығы 3000-ға жуық ағаш көшетін отырғызуға жәрдем беріп, арнайы техникамен жеткізілген су ағаш түптеріне құйылды. Егілген жас шыбықтар арасында қырым қарағайы, арша, айлант, сумах, қарағаш, багряник, тұт ағаштары бар. Сауран ауданында «Әр отбасыдан — бір ағаш» акциясы аясында 1600-ге тарта (сән, жапон сафорасы, шынар) ағаш отырғызылды.
Ал Төлеби ауданы бойынша барлық мәдениет және спорт қызметкерлері жаппай сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарына атсалысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-сі, Ленгір қаласы әкім аппараты және Тәжік-ауған соғысының ардагерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен Ленгір қаласы мен Жаңакүш ауылының арасындағы көше бойларына тал егілді. Жалпы сенбілікке ардагерлер, жастар, еріктілер қатысып, 150-ден астам көшет (жеміс ағаштары, қара ағаш, можжевельник) отырғызылды.
Созақ ауданында наурыз айының басынан бері 11 070 түп ағаш, 2100 түп гүл көшеті отырғызылды. Бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік барысында мекемелердің ауласына, көше бойлары мен аяқ жолдарды, саябақтарды, балалар алаңшалары мен спорт алаңшаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, каналдар мен бұлақтардың арналары ашылды. Аталған шара Түлкібас ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар гүл егілетін жерлерді қопсытып, көшет отырғызу жұмыстарын іске асырды.
Отырар ауданының тұрғындары да тазалық шарасында белсенділік танытты. Табиғат жанашырлары шара аясында 3 мыңға жуық қара ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ Шардара ауданы бойынша 8650 түп ағаш және 1500 түп гүл егілді. Сарыағаш ауданында жүргізілген тазалық шарасына мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты қоқыстан тазалап, ағаш көшеттерін отырғызды. Сенбілік жұмыстарына 19-дан аса техника жұмылдырылды. Бәйдібек ауданының орталығы — Шаян ауылындағы көше бойлары мен саябақтарға, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 3 мыңнан аса тал көшеті отырғызылды. Жалпы аудандағы барлық ауылдық округтерде көктем мезгілінде 13 түрлі, 13 400-ге жуық тал көшеті отырғызылып жатыр.
Сондай-ақ сенбілікте Қазығұрт, Келес, Кентау, Ордабасы, Мақтаарал, Жетісай тұрғындары да белсенділік танытты. Жалпы шара барысында облыс аумағындағы су арналары ретке келтіріліп, елдімекендердің көше бойлары қоқыстардан тазартылды. Сенбілік нәтижесінде жиналған қоқыс арнайы орындарға тасымалданды. Осылайша, Наурыз мерекесі қарсаңында облыс аумағы тазарып, көшелері көріктеніп, ажарлана түсті. Тазалық шарасы өңірде алдағы уақытта да жалғасады.
Previous Post

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Next Post

Түркістан облысында наурыз мейрамы сенбіліктен басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz