gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда 90 гектарға қауын мен қарбыз егілді

12 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда 90 гектарға қауын мен қарбыз егілді
Share on FacebookShare on Twitter
Өзге өңірлерге қарағанда көктемі ерте келетін Түркістан облысы, Жетісай ауданында жыл сайын ақпан айының соңында қауын егуді бастайтын жетісайлық диқандар биыл ауа-райына байланысты 10-15 күн кешігіп отыр.
Әйтсе де, күн райының жылынғанын тиімді пайдаланған Ж.Ералиев, Атамекен, Қызылқұм, Ынтымақ, Жаңа ауыл, Жылы су және Қазыбек би ауылдық округтерінің диқандары 93 гектарға бақша дақылдарын егіп үлгерген. Оның 75 гектары қауын болса, 18 гектарына қарбыз егілген.
Өткен жылы бақша дақылдары егілген 1311 гектардың 1084 гектарына қауын, 227 гектарына қарбыз еккен Жаңа ауыл ауылдық округінің шаруалары биыл 1500 гектарға бақша егуді жоспарлап отыр. Оның 1300 гектары қауын болса, 200 гектарына қарбыз көшеті отырғызылады. Бүгінгі таңда бақша дақылдары егілген 70 гектар егістіктің 60 гектары қауын болса, 10 гектары қарбызды құрап отыр.
Өткен жылы суармалы егістік жерінің 15,2 мың гектарына бақша дақылдарын, соның ішінде 11 мың гектарға егілген қауын мен 4,2 мың гектарға егілген қарбыздан 418 мың тонна өнім алған жетісайлық шаруалар биыл 19 мың гектарға бақша, оның 14,4 мың гектарына қауын, 4,6 мың гектарына қарбыз егуді жоспарлап отыр.
Previous Post

«БЖЗҚ» АҚ қызметтерінің қолжетімділігі «Қазпошта» АҚ арқылы ұлғаюда

Next Post

"Тұран су" мекемесінің техникалары каналдарды механикалық тазалаудан өткізуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz