gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Наурыз мерекесінде арыс тұрғыны 55 келілік қошқарды 303 рет көтерді

21 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Наурыз мерекесінде арыс тұрғыны 55 келілік қошқарды 303 рет көтерді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанда Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды.
Түркістанда өткен наурыз мерекесінде Арыс қаласының тұрғыны Азамат Мақұлбеков 55 келілік қошқарды 303 рет көтеріп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бірінші орынды иеленген оған өзі көтерген қошқар сыйға берілді.
«Мен бұдан алдын қошқарды 1111 көтеріп рекорд орнатқан болатынмын. Бұрын күреспен айналыстым. Кейін қойып кеттім»-дейді ол.
«Керуен Сарай» кешенінде өткен мерекелік шара барысында күрес, қол күрес, тоғыз құмалақ секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жастар асық ойнап, арқан тартты. Эстрада жұлдыздары әсем әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті тұрғындарды наурыз мерекесімен құттықтады.
Мерекеге жиналған көпшілік киіз үйлерде арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.
Этноауылға саяхат жасап, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесін тамашалады.
Айта кетейік, Түркістанда наурыз мерекесі кешке эстрада жұлдыздарының концерттімен жалғасады. Ал, ертең облысқа қарасты аудан, қалаларда Әз-Наурыз мерекесі аталып өтілетін болады.
Previous Post

Төлебилік ауыл ақсақалдары сайлауда белсенділік танытып жатыр

Next Post

Түркістанда әз наурыз мерекесіне орай «Наурыз-думан» гала-концерті өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz