gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті

27 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті
Share on FacebookShare on Twitter
2023 жылдың 25 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы өтті. Бүкіл әлем бір сағатқа электр қуатын өшірді.
Акцияның мақсаты – ғаламшар тұрғындарын табиғатқа және оның ресурстарына жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Жыл сайын бұл акцияға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Қазақстан үшін «Жер сағаты» биыл 14-ші рет өткізіліп отыр.
Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты символдық түрде өшіреді. Сонымен қатар әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары өз жарықтарын сөндіреді. Акцияға елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдары да қолдау көрсетеді.
Бұл акцияға Түркістан облысы да белсенді қатысты. Өңір аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар аталған шараға қызу атсалысты. Атап айтар болсақ, олар: «Қаратау» ЖШС, «Шетелдік инвестициялардың қатысуымен Қазақстан-Ресей-Қырғыз бірлескен кәсіпорны және «Заречное»» акционерлік қоғамы, «Орталық» тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «Катко» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» ШЖС, «Оңтүстік тау-кен химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны» ЖШС.
Previous Post

Түркістан облысының даму бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жанданады

Next Post

Төлебиде агросаланы дамытуда инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz