gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Терроризмге қарсы комиссияның кезекті жиыны өтті

29 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Терроризмге қарсы комиссияның кезекті жиыны өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі — терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Абулхаиров Илхамның төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінен өкіл ретінде Қанат Амангельдиев, облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелері және қала, аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары, құзырлы мекемелердің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, тиісті аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары «Жетісай, Қазығұрт аудандары мен Кентау қаласының ТҚК жұмыс топтарының атқарған жұмыстарының есептері» бойынша баяндап, соңында бүгінгі таңдағы діни ахуал мен аудан, қалалық деңгейдегі ТҚК жұмыстарының сапасы жөнінде мәселелер талқыланды.
Екінші мәселе бойынша «Түркістан облысында балалар мен жастардың жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруға, патриотизм мен ұлт жанашырлары ретінде тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар» аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ернар Бектаев хабарлама жасады және ол бағытта сала басшылары мен жергілікті деңгейдегі топ жетекшілеріне оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру жөнінде тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда қол жеткізілген нақты оң нәтижелері мен жұмыс бабындағы көрсеткен жоғарғы кәсіби шеберлігі үшін» сала қызметкерлері мен дін өкілдерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Рәсімде, «Облыс әкімінің грамотасын» және «Алғыс хатын» облыс әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы табыстады. Ал, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Ә.Дүйсебаевтың «Алғыс хатымен» департамент өкілі Қанат Амангелдіұлы марапаттады. Сонымен қоса, тиесілі азаматтар Түркістан облысы дін істері басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Previous Post

Түркістан облысындағы Келес ауданында қырыққабат пісті

Next Post

Ордабасы ауданында индустриалды аймақты, өндірісті дамыту жұмыстары жанданады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz