Алматы қаласында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық аймағынан 1 157 оқушы қатысты.
Аталған бәсекеде бақ сынаған 6 жасар кентаулық Димаш Аманбек өз шеберлігін паш етіп, екі жүлдеге ие болды. Жарыста 6 жастағы ұлдар арасында 57 бала сынға түсті.
Димаш шахматтың классикалық түрінен шапшаңдық танытып, қола жүлдегер атанса, рапид түрінен күміс жүлдегер атанды. Өз қатарластарының ішінен дараланған жерлесіміз зияткерлік спортқа деген ынтасын осылайша мықтылығымен дәлелдеді. Димаштың жеке жаттықтырушысы — Асхат Шотаев.
Айта кетсек, бұл – кентаулық шахматшының республикалық сайыста жеңіп алған алғашқы медалі. Жерлесімізге алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!