gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жемқорлыққа жол жоқ

3 марта, 2023
in Қоғам
0
Жемқорлыққа жол жоқ
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлықпен күрес елімізде қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Кентау қаласында да бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс көп. Қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы әр айда өткізіліп, қаладағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін талдау, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары талқыланып сала мамандарына тиісті тапсырмалар берілуде.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабының талабына сәйкес, қала әкімдігіне бағынысты мемлекеттік мекемелерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітіліп, мекеме қызметкерлері таныстырылған. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында, қоғаммен кері байланыс орнатуға әзірленген арнайы ақпараттық (түрлі-түсті фонда, А3 форматта) жаднаманы және жеке қабылдау өткізетін бөлмелердің қабырғаларында сыбайлас жемқорлық белгілеріне қарсы әрекет жасауға және әділдік, парасаттылық құндылықтарын дәріптейтін ақпараттық жаднама (түрлітүсті фонда, А4 форматта) орналастырылған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру, қызметкерлердің арасында заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында тоқсан сайын жиналыстар ұйымдастырылып, жергілікті БАҚ-та тұрақты түрде мақалалар жариялануда. Атап айтсақ, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес басты міндетіміз», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік», «Сыбайластыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы» мақалалары жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қала әкімдігінің фейсбук парақшасында жазба орналастырылып, көшелерде баннер ілінді. Пара, сыйлық бермеу және алмау туралы жадынамалар, 1424 телефон нөмірі көрсетілген парақшалар барлық мемлекеттік мекемелер ғимараттарының көрнекі жерлеріне орналастырылды.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан, Әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын әрекеттерді хабарлау үшін барлық мемлекеттік органдар мен ауыл әкімі аппараттарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған «Сенім телефоны» және «Сенім жәшігі» оңтайлы көрінетін жерде орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл профилактикалық жұмыстары қатаң бақылауға алынып тиісті жұмыстар жалғастырылады.

Жандос ТАСОВ,

Кентау қаласының әкімі

Previous Post

Шардарада жүгері дақылын өңдейтін зауыттың құрылысы басталады

Next Post

Түлкібаста көгалдандыру жұмыстары басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz