gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаудағы өзекті мәселелер мен кемшіліктер талқыланып, дамыту жолдары ұсынылды

7 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаудағы өзекті мәселелер мен кемшіліктер талқыланып, дамыту жолдары ұсынылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысындағы әрбір аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты түрде зерделеніп, жұмысын нашар атқарған басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге шара көріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы бағыттағы жұмыс сапарын Кентау қаласынан бастап, аймақтың өзекті мәселелерін талқылады. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің шешу жолдары, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы да сараланып, қала әкіміне тиісті тапсырмалар берілді.
– Бүгін біз Кентау қаласындағы өзекті мәселелерді талдауға және олардың шешу жолдарын қарастыру үшін жиналып отырмыз. Қалада шешімін таппаған мәселелер көп. Экономикалық, әлеуметтік салалар бойынша, сондай-ақ, инфрақұрылым мен қаланы абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындардың көңілі толмайды. Кемшіліктерді жою үшін бір ай мерзім беремін. Қалада салық базасын ұлғайту бойынша резервтер көп. Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе қала бюджетінің түсімдерін ұлғайтуды қолға алыңыз. Қаланың дамуы бойынша басты бағыттарды белгілеп, даму жоспарын әзірлеп, қаланың инвестициялық климатын жақсарту қажет. Жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге басты назар аударуды тапсырамын, – деген Дархан Сатыбалды кемшілікке жол берген басшыларға ауызша ескерту берді.
Кентаудың даму барысы талқыланған мәжілісте Дархан Сатыбалды қала әкіміне шаһарға инвестиция тарту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы ақпарат беру, индустриалды аймақты дамыту, ауыл шаруашылығын жандандыру, инфрақұрылымды жақсарту, ішкі абоненттерді газға қосу жұмысын жеделдету, білім саласын жаңғырту және өзге де мәселелер бойынша жұмыс атқаруды тапсырды.
Басқарма басшыларымен бірлесе еңбек етуді жүктеді. Әрбір орынбасар мен бөлім басшыларының уәждері тыңдалды.
Мәжілісте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов 2022 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Оның айтуынша, қаланың жалпы өнім көлемі 70,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,0% құраған. Өткен жылы өнеркәсіп 41,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 8,5 млрд. теңгеге артқан. Барлық саладағы көрсеткіштер баяндалып, қаржыны талап ететін жобалар да айтылды.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Кентауды дамыту барысындағы кемшіліктерді баяндады. Оның айтуынша, былтыр қалада бірқатар негізгі көрсеткіштер орындалмаған. Өнеркәсіптің нақты көлемі индексі 91,8 пайызды, инвестиция 88,7 пайызды, пайдалануға берілген тұрғын үй 79,6 пайызды құрады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының өнім көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспар орындалмаған. Өзге де салалар зерделеніп, өзекті проблемалары қозғалды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Кентау қаласы бойынша білім, мәдениет, спорт, ішкі саясат, дін салаларындағы өзекті мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын ұсынды.
Бүгін Кентаудан бастау алған жаңа форматтағы кездесулер алдағы уақытта барлық аудан, қалаларда жалғасын табады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық аймақтарды аралап, әрбір ауданның даму барысын, жұмыстарын саралайды. Мәселелерді шешу жолдары қаралып, тапсырманы орындалу мерзімдері белгіленеді. Барлық сала зерделенеді. Осы арқылы өңірді дамыту жұмыс сапасын жақсарту, елдің өтініштері мен ұсыныстарын сапалы орындау, облыстың даму көрсеткішін жақсарту көзделіп отыр.
Previous Post

Қарнақ ауылында ел бірлігін бекемдей түсетін жүздесу өтті

Next Post

Дархан Сатыбалды Кентаудағы проблемалық нысандарды аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz