gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысындағы елді мекендерге 500 мыңнан аса көшет егілді

11 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысындағы елді мекендерге 500 мыңнан аса көшет егілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары ақпан айында басталған болатын. Бүгінде көшет егу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Қазіргі таңда өңірдегі барлық елді мекендер басқарма тарапынан тегін үлестірген көшеттерді уақытында алып, бекітілген тиісті орындарға отырғызылды. Жалпы, 500 мыңнан аса көшет егілді.
Сондай-ақ кейбір аудандар қосымша сұраныс арқылы тағы да көшет алып, егуде. Биыл Түркістан облысында жоспарға сәйкес 626 907 көшет егіледі деп күтілуде. Көктем айындағы елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары сәуір айының соңында аяқталады.
«Жасыл белдеу» аймағында ұсақ жапырақты шегіршін, үлкен жапырақты шегіршін, көгілдір шырша, қарағай, боз арша, жәй арша, жіңішке жапырақты жиде, терек, үйеңкі, шаған, емен, шынар, жапон сафора, роза гүлдер және т.б ағаш-бұта түрлері егіліп жатыр. Осы аталған көшеттер аудан, қала, елді мекендерге жеткізіліп, отырғызылған.
Жалпы, «Жасыл белдеудегі» орман тұқымбағында Түркістан қаласының климатына тез бейімделетін екпе көшет және көпжылдық гүлдейтін шөптерді сұрыптау бойынша жұмыстар атқарылады.
Бүгінде басқарма тарапынан бекітілген арнайы маман облыстағы елді мекендерде отырғызылған көшеттердің дұрыс егілуін және күтіп-бапталуын қадағалау жұмыстарын бастады.
Previous Post

«Neke tour» байқауына қатысуға еліміздің әр аймағынан 345 жұп өтініш берген

Next Post

Түркістанда «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған конференция өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz