Шырша талы ауаны тазартуда ерекше қасиетке ие. Көбінесе бұл талдарды шипажайлар мен ауруханалар маңайына көптеп отырғызады.
Бүгінде Кентау қаласында шыршаның бірнеше түрі көбейіп келеді. Кентау қаласында ең алғашқы шырша талдары 1960 жылдары шамасында егілген.
Қалада қазіргі таңда шыршаның 4-5 түрі бар. Атап айтқанда, қарағай, арша, қылқаны көк шырша.
Биылдың өзінде Кентау қаласына 1200 туя, 330 қарағай отырғызылған.



