gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «NEKE TOUR» республикалық байқауында топ жарған 15 жұп марапатталды

16 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «NEKE TOUR» республикалық байқауында топ жарған 15 жұп марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласына «Neke tour» республикалық байқауының жеңімпаздары келді. 15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай ұйымдастырылған шараны Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков ашып беріп, байқау жеңімпаздарын марапаттады.
– Биыл Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отырған «Қозы көрпеш – Баян сұлу» күні қасиетті шаһарда ерекше форматта атап өтілуде. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Neke tour» республикалық байқауы қоғамның ерекше қызығушылығын тудырды. Ел көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған жобаға 345 жұп өтінім беріп, байқаудың маңыздылығын арттырды. Бұл отау құрған жұптардың сенімді, махаббатты серік еткен беріктігі мен қасиетті Түркістанға деген құрметі деп білемін. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы сыйластық, татулық, сенім сияқты асыл қасиеттерді басты ұстаным етіп алған байқаудың үздіктері бүгін арамызға келіп отыр, – деген ол көпшілікті мерекемен құттықтады.
Түркістан қаласының бас имамы некелерін жаңа қиған жанұяларға отбасылық өмірдің жауапкершілігі туралы түсіндіріп өтті.
Жеңімпаздар Алматы, Орал, Қарағанды, Сәтпаев, Астана, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Тараз және Түркістан қалаларынан келген. Оларға екі күн бойы құрмет көрсетіледі. Мәселен бүгін романтикалық кешкі ас, фотосессия және мәдени бағдарлама ұйымдастырылса, ертең қаланың көрікті орындары мен қала маңындағы киелі жерлерге зиярат ету жоспарланған.
Еске сала кетейік, Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының «Open Turkistan» туристік-ақпараттық орталығы аталмыш байқауды жариялаған болатын. Байқау шарттары бойынша, 3-9 сәуір аралығында ерлі-зайыпты жұптар neke-turkistan.kz порталы арқылы қатысуға онлайн-өтінім жолдаған.
«Байқау туралы біліп, көптеген ерлі-зайыпты жұп қатысуға өтінім жібергеніне қуаныштымыз. Мұндай белсенділік жастардың өз халқының мәдени және рухани құндылығына деген құрметі, сол салт-дәстүрмен өмір сүруге деген құлшынысы байқалады. Неке қию рәсімінің қасиетті мән-мағынасы баянды әрі бақытты отбасылық өмірге жақсы негіз болады», дейді ұйымдастырушылар.
Previous Post

Биыл Түркістан облысында 360-тан астам нысанның құрылысы жүргізіледі

Next Post

Қазақстан мен Өзбекстан арасында туристік автобустар жүреді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz