gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында киберқылмыс тобының полицейлерімен 31 алаяқ ұсталды

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында киберқылмыс тобының полицейлерімен 31 алаяқ ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР ІІМ «CyberPol» пилоттық жобасын іске қосқан болатын. Бұл жоба цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді.
Осы бағытта Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алып, анықтауда 6 жедел уәкіл, 3 тергеушіден құрылған «Киберқылмысқа қарсы күрес» тұрақты тобы қарқынды жұмыс жүргізуде.
Департамент бастығының тапсырмасымен құрылған топ интернет-алаяқтық қылмысымен айналысқан жалпы 31 тұрғынды ұстап, олардың 56 дерек интернет-алаяқтық қылмыстарына қатыстылығын дәлелдеген. Бұл қылмыстық істер бойынша жинақталған іс құжаттар сотқа жолданған.
Мәселен бұл топтың жедел уәкілдері облыстың бірнеше тұрғынын алдап, олардың атынан онлайн-несие алған жас жігітті ұстады.
Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол көлігіне жолаушы болып отырған жас жігіт әңгімеге тартып, сеніміне кіріп, ұялы телефонын сұрап алып, ондағы банк қосымшасын пайдаланып, атынан 1 миллион 600 мың теңге несие рәсімдеп жібергенін жеткізді. Ақпарат алысымен арнайы құрылған топ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауда жан-жақты жұмыс жасады.
Нәтижесінде күдікті ретінде Сарыағаш ауданының тұрғыны, жұмыссыз жас жігітті анықтады. Ол 6 бірдей жүргізушіні алдап, оларға жалпы 6 млн. теңгеге жуық материалдық шығын келтіргені белгілі болды. Несиеге мақұлдау алған алаяқ, танысы ақша салып жібергенін айтып, жүргізушінің ұялы телефоны арқылы арнайы терминалдардан қаражатты шешіп алып отырған. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты материалдар айыптау актісімен сотқа жолданды.
Айта кетсек, «Киберқылмысқа қарсы күрес» қызметкерлері орын алған интернет-алаяқтық қылмыстарын саралап, жергілікті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында, жүйелі профилактикалық іс-шараларды үнемі ұйымдастырып келеді.
Мысалы, бұл топпен ағымдағы жылдың 18-20 сәуір күндері аралығында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Previous Post

Сайрам ауданында су шайып кету қаупі бар канал ретке келтірілді

Next Post

Азаптауға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі Алматыда өткен конференцияда қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz