gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрамда Солтүстік өңірлерге көшуге ниеттілер қатары көп

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрамда Солтүстік өңірлерге көшуге ниеттілер қатары көп
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін Сайрам ауданында жалғасты. Онда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының жұмыс берушілері сайрамдықтарға бос жұмыс орындарын ұсынып, қоныс аударған жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектер, көшу шығындарын өтеу бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халқы тығыз орналасқан Сайрам ауданының азаматтарына жалпы 3934 вакансия ұсынылды.
Сұранысқа ие мамандықтар қатарында медицина, білім, көлік, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бар. Ақсукент ауылында ұйымдастырылған ауқымды жиынға 500-дей жергілікті тұрғын белсенділік танытып, қатысты. Теріскейлік атануға ниеттілердің саны бұрынғыдан да артқаны байқалды.
– Мен қазіргі таңда ақылы қоғамдық негізде жұмыс істеймін. Мамандығым – тауартану саласына қатысты. Бүгін жәрмеңкеде ұсынылған бос орындар, жалпы бағдарлама көңілімнен шықты. Оның ішінде Өскемен қаласындағы жұмыс орындарын қарастырғым келеді. Өзіме лайықты жұмыстар бар екен. Солтүстік облыстарынан келген азаматтар мүмкіндік көп екенін, қолдау жасалатынын айтты. Барлық сұрағыма жауап алдым. Жақсы түсіндірді. Енді үйге барып отбасыммен ақылдасып, бір шешім қабылдаймыз, – дейді Қасымбек Датқа ауылының тұрғыны Нұрбибі Копабаева.
Еске салсақ, 19 сәуір күні Түркістан облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі басталған болатын. 3 күнге созылатын жәрмеңкеге делегация құрамындағы 80-ге жуық өкіл арнайы келіп қатысуда. Күні кеше 500-ден астам мақтааралдық тұрғын ішкі көші-қон бойынша мағлұматтарға ие болып, бос жұмыс орындарына орналасуға өтінім берді. «Қоныс аудару» жәрмеңкесі ертең 21 сәуір Түркістан қаласында қорытындыланады.
Previous Post

Азаптауға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі Алматыда өткен конференцияда қаралды

Next Post

Отырарлық қайырымды азамат көпбалалы анаға 6 бөлмелі үй салып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz