gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлебиде көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлебиде көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Төлеби ауданында егіс алқаптарында шаруалардың жұмысы қыза түсті. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде. Ауданда 2023 жылдың өніміне үй іргелік жерлермен қоса 65636 га жерді игеру жоспарлануда. Атап айтсақ, күздік бидай – 9690 га, жаздық бидай – 4977 га, ноқат – 100 га, арпа – 7305 га, дәндік жүгері – 5 га, майлы дақылдар – 10841 га (оның ішінде: мақсары – 10796 га, күнбағыс – 45 га), ескі жоңышқа – 24569 га, жаңа жоңышқа – 4770 га, картоп – 1296 га (егілгені 15,3 га), көкөніс өнімдері – 1858,3 га болса, егілгені 87 га. Оның ішінде, қазірдің өзінде күздік және жаздық бидай, арпа, дәндік жүгері, майлы дақылдар мен жаңа жоңышқа 100% егілді.
Аудан көлемінде 31152 га жер жыртылып, меже толығымен орындалған. Егістік алқабына қажетті тұқым дер кезінде жеткізілген. Алқаптарды минералды тыңайтқышпен (аммиак селитрасы, карбамид) тыңайту жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс әкімдігінің қаулысы бекітілді. Қаулыға сәйкес, қазіргі таңда шаруалар тікелей «Каз Азот» ЖШС-не өтінім тастап, құжаттарын рәсімдеуде.
Көктемгі дала жұмыстарына 2535 тонна жанармай бөлініп, оны босату бағасы литрына 203 теңгені құрады. Көктемгі дала жұмыстары «Кең дала» бағдарламасы бойынша «Ырыс МҚҰ» ЖШС арқылы 6 агроқұрылым, 44,3 млн. теңге несие (5 пайызбен) алып, кәсіптерін жандандыруда.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 8 млрд. 534 млн теңгеге жеткен.
Previous Post

Түркістан облысына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді

Next Post

Түркістан облысында 60 мыңға жуық балаға арналған жайлы мектептер салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz