gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасы ауданында 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады
Share on FacebookShare on Twitter
Ордабасы ауданында жалпы өңірлік өнім былтыр 130,4 млрд. теңгеге жетіп, 2021 жылға қарағанда 14,2%-ға артты. 2023 жылы бұл көрсеткіш 140,9 млрд. теңгеге жетеді деп көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін брифингте аудан әкімі Нұрбек Бадырақов айтты.
Нұрбек Бақтыбайұлының мәлімдеуінше, ауданда өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 32,5 млрд. теңгеге жеткен. Ал биыл 36,4 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған.
«2022 жылы ауданға 34 млрд. теңгеге инвестиция тартылса, 2023 жылы 37,2 млрд. теңгеге жеткізу межеленді. Жеке инвестициялар есебінен аудан экономикасының дамуына үлес қосатын негізгі 5 жоба іске асып, 140 жұмыс орны ашылды. Олар: «Bokei» ЖШС-ң автоматтандырылған қыш зауыты, «Green Technology Industries» ЖШС ІІ кезені синтепон талшығын өндіру цехы, «Aysyltan Group» ЖШС-ң қыш зауыты, ЖК «Бибитжан» қыш зауыты, ЖК Нұржановтың жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы», — деді аудан басшысы.
Бұдан бөлек, биыл жалпы құны 8,5 млрд. теңгенің 6 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 257 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Атап айтсақ, олар: «Оңтүстік кірпіш» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты, «Батсу Водоканал» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты, «ArlanStroy» ЖШС қыш зауыты, «Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару цехы, «RZN» ЖШС газоблок бұйымдарын өндіру цехы және «Ордабасы Сапар» орталығы.
Айта кетсек, жалпы өңірлік өнімнің 59%-ы ауыл шаруашылығының үлесінде. Былтыр салада 68,2 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Ал биыл 75 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған.
Previous Post

Түркістан облысында биыл 600-ге жуық жасқа 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі

Next Post

Сайрам ауданының таскешу ауылына газ берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz