gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасыдағы «сақалды» құрылыстардың мәселелері қадағалауға алынды

27 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасыдағы «сақалды» құрылыстардың мәселелері қадағалауға алынды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қалалардағы өзекті мәселесі бар нысандарды аралауды жалғастырып жатыр. Бұл жолы өңір басшысы Ордабасы ауданында жұмыс сапарымен барды. Алдымен Төрткүл елді мекеніндегі құрылысы 2020 жылы басталған 300 орындық мектептің жай-күйімен танысты. Нысанның конкурстық құны 1 млрд.теңгеге жуық.
Түрлі себеппен құрылыс 2022 жылдың қыркүйек айынан бері тоқтап тұр. Өңір басшысы өз міндетін дұрыс атқармаған, жұмысты жүйелі жоспарламаған басшылар мен мердігерді сынға алды.
– Өңірде мектеп тапшылығы бар екенін білесіздер. Сондықтан білім ұяларының құрылысын жүргізуді кәсіпкерлік емес, стратегиялық маңызды міндет деп қабылдау керек. Құрылысы кешіккен әрбір мектептің соңында сапалы білімнен қағылған ұрпақ бар екенін ұмытпаңыздар. Құжаттарды қайта зерделеп, мектептің ел игілігіне беруді тапсырамын. Жауапты басқарма, аудан әкімдігі мәселені шешуі тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Осы іссапар барысында Ордабасы ауданындағы «Қызылжар» жалпы орта мектебінің қосымша ғимараты мен Шұбарсу ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысындағы түйткілдер де тарқатылды. Бұл білім ұяларының құрылысы да өткен жылдан бері саябырсып тұр. Білім ұяларының мәселесін ретке келтіруді тапсырған өңір басшысы Темірлан елді мекеніндегі 70 гектар аумақтың инженерлік инфрақұрылым желілері нысанымен және салынатын тұрғын үй кешенінің жобасымен танысты. Мұнда 300-ге жуық баспана үшін жер телімі бөлініп, жеңілдетілген несиеге сатып алатын тұрғын үйлер бой көтереді. Дархан Сатыбалды жобаны әрі қарай зерделеуді тапсырды.
Previous Post

Сарыағаш қаласын абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Next Post

Ордабасы ауданының әлеуетін көтеру бағытындағы кемшіліктер жойылуы тиіс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz