gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды

3 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов азаматтарды өтініштері бойынша қабылдады. Тұрғындармен еркін пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауда тұрғындар түрлі мәселелерді қозғады.
Дәлірек айтсақ, Кентау қаласын дамыту жұмысын ширату жөнінде ұсыныс берілді. Сонымен бірге Сайрам ауданының инфрақұрылымын жақсарту, әлеуетін көтеру мәселесі де қозғалды. Одан өзге де түйткілдер тарқатылды.
Аппарат басшысы әрбір өтініш бойынша заң аясында кеңес беріп, мәселелердің бақылауға алынғанын жеткізді.
2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысымен облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдарға 15 791 өтініш келіп түскен. Нәтижесімен 13 037 өтініш қаралды, 1751 өтініш басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданды. 8783 өтініш бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылданған. Қалғандары бойынша тиісті жұмыс жүруде.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы І тоқсанында облыс әкімінің 19 жеке қабылдауы өткізіліп, 125 адамның өтініштері тыңдалған. Сонымен бірге құқық қорғау органдары, департамент және басқарма басшыларының қатысуымен аудан, қалаларда көшпелі қабылдаулар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда, қабылдауда болған азаматтарға заңға сәйкес түсіндірмелер беріліп, мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады.
Previous Post

Түркістан маңында жасыл алқап ұлғайып келеді

Next Post

Түркістанның инфрақұрылымын жақсарту жұмысы жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz