gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыстық Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

6 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Арыстық Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter
Арыс қаласы орталығындағы «Батырлар алаңында» 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 31 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.
Салтанатты шара майдан даласында қаза болған жауынгерлер мен бейбіт заманда өмірден өткен ардагерлер құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, жиналған көпшілік боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан кейін, қорғаныс саласының қызметкерлері Мемлекеттік Туды сахнаға салтанатты жағдайда әкеліп, мерекелік іс-шара Әнұранмен ашылды.
Жиналғандарды Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова құттықтап, еліміздегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосып жүрген жандарға жылы лебізін арнады.
«7 мамыр — біз үшін батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен қайсарлық нышанына айналған мейрам. Сала ардагерлері мен жауынгерлерді құрметтеу күні. Қай дәуір болмасын, кез келген елде ұлттар мен ұлыстардың татулығын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу – әскери сала мамандарының міндеті. Осы қызметте Сіздерге толағай табыс тілеймін», — деді ол.
Мұнан кейін, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және Арыс әскери гарнизон бастығы, полковник Көпжасар Ерназаров құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты шарада қызметте алдыңғы қатардан көрінген сала қызметкерлері марапатталып, құрмет көрсетілді.
Әрі қарай, Жеңістің 78 жылдығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толуына орай, «Туған ел — Отаным» атты қалалық хор ұжымдары арасындағы патриоттық ән байқауымен қорытындыланды.
Previous Post

Бәйдібектіктер ел қорғаған батырларды еске алды

Next Post

Рейхстагқа дейін жеткен қарт майдангерге құрмет көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz