Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мереке қарсаңында 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Эрмохан Ишхоновтың үйіне арнайы барып, оған үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.
Ардагер аудан әкіміне өз алғысын білдіріп, майдан даласында басынан кешкен тарихи оқиғалардан сыр шертті. Бүгінгі таңда қарияның 33 немересі, 49 шөбересі және 6 шөпшегі бар.
Айта кетсек, Эрмохан Ишхонов 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанған. 1948 жылы әскери қызметін тоқтатып, I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы» ордендерін иемденген. Сонымен қатар, «Мінсіз қызмет атқарғаны үшін», «Украинаның 50 жылдығы», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.