Кентау қалалық «Халықтық кеңсе» мекемесіне жыл басынан бері 5159 азамат мекеме қызметіне жүгінген.
Көрсеткіштерге сәйкес, өтініштердің 4134-і Egov порталы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-213, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі-278, қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі-28, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-241, халықты жұмыспен қамту орталығы-265 өтініш қаралған.
Аталған мекеме Ясауи даңғылы 85, 1 қабатында орналасқан.