gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы өнімі 80 млрд теңгеден асқан

20 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы өнімі 80 млрд теңгеден асқан
Share on FacebookShare on Twitter
Мақтаарал өңірінде өткен жылы 80,9 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында — 65,1 млрд. теңге, мал шаруашылығында — 15,7 млрд. теңге, ауыл шаруашылық қызметі саласында — 52,1 млн. теңге. Бұл жайында брифингте аудан басшысы Бақыт Асанов мәлімдеді.
Сондай-ақ, аймақтың негізгі капиталына салынған инвестицияның көлемі былтыр 22,5 млрд теңгені құрап, алдынғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға өскен.
— 2022 жылдың қорытындысымен аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 16 млрд. теңгеге жетсе, өңдеу өнеркәсібі саласында 13,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Сонымен қатар, былтыр өңірде 23 мың шаршы метр тұрғын үй алаңдары іске қосылды. Инфрақұрылымды дамыту бойынша аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67-сі, яғни 97,1%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда 49 елді мекенге 24 сағат, 18 елді мекенде кестемен ауыз су берілуде. Бұдан өзге, 69 елді мекеннің 36-сы табиғи газбен қамтылған. Бұл аудандағы елдімекендердің жалпы санының 52,1%-ын құрайды. 2022 жылы 53,4 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдар мен 46,5 шақырымдық елдімекендердің ішкі көшелері орташа және ағымдағы жөндеуден өтті, — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауданда 2022 жылы 8 172 адам түрлі жұмыстарға тартылған. Қоғамдық жұмыс орындарына 2 042 адам жолданып, оның 1633-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Әлеуметтік жұмыс орындарына 369 адам жолданып, оның 331-і тұрақты жұмысқа орналасты. Ал жастар практикасынан 655 адам өтіп, оның 46-сы тұрақты жұмысқа орналасқан.
Previous Post

Қазығұрт ауданында биыл қуаттылығы 50 мвт күн электр станциясы салынады

Next Post

Қазығұртта қанша көше жөндеуден өтуде?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz