gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында шіркеймен күрес жүйелі түрде жалғаса береді

23 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында шіркеймен күрес жүйелі түрде жалғаса береді
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Satti tulik» ЖШС-і директорының орынбасары Қайрат Ерменов айтты.
Сырдария өзені бойымен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы орналасқан елдімекендерде шіркейлердің көбеюі соңғы бірнеше жылда қалыпты жағдайға айналған. Дезинсекция жүргізу аймақтары ретінде Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сауран, Отырар, Шардара аудандары белгіленген. Залалсыздандырылатын аумақ көлемі – 7 713,1 га.
– Өңірімізде шіркей және сол сияқты қос қанатты қансорғыш жәндіктермен күрес жұмыстары тоқтаған жоқ. Яғни, химиялық және биологиялық әдістерімен өңделіп жатыр. Осы ретте, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жалпы 17 052,9 га аумақ химиялық әдіспен және Сырдария өзеніне биологиялық әдіспен 4 кезең бойынша суға төгу жұмыстары атқарылды. Химиялық әдіспен Түркістан қаласы аумағында 386,4 га, Кентау қаласы аумағында 37,9 га, Арыс қаласы аумағында 279,23 га, Отырар ауданы аумағында 166,3 га, Сауран ауданы аумағында 107,5 га, Шардара ауданы аумағында 243,8 га жер теліміне 3 реттен дезинсекция шаралары жүргізілді. Бұл жұмыстарды сапалы орындау мақсатында аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, жұмысшы топ құрылған, — деді Қайрат Ерменұлы.
Сонымен қатар, Сырдария өзенінің Арыс қаласынан өтетін жеріне 22680 л, Отырар аумағынан өтетін жеріне 12960 л, Шардара аумағынан өтетін жеріне 9720 л бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделген.
Жауапты сала өкілінің пікірінше, былтырғы жылға қарағанда шіркейлердің саны биыл 4-5 есе көп. «Егер біз дер кезінде жұмыс жүргізбегенде шіркейлер ошағы Түркістан облысын басып қалар еді. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық техника, 80-нен астам жұмысшы жұмылдырылды. Жалпы, шіркейлерді түгелдей жою мүмкін емес. Тек санын азайту бағытында жыл сайын жұмыс істейміз. Жұмыстар жалғасады», — деді ол.
Брифинг барысында Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бахтыбек Убайдин өңірде зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Басқарма өкілі өз сөзінде Сырдария өзенінің флорасы мен фаунасына зиян тигізбей, тек шіркейлердің санын азайтып, жергілікті тұрғындарды күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдай жасалатындығын айтты. Сондай-ақ шіркейге қарсы күрес шаралары тамыз айына дейін жүйелі түрде жалғаса беретінін және басқарманың қатаң бақылауында екенін жеткізді.
Айта кетейік, мердігер «Satti Tulik» ЖШС-і тарапынан ғылыми топ құрылып, шіркейлердің көбею ошақтарына байланысты зерделеу жұмыстары қолға алынған. Ғылыми зерделеу жұмыстарына 10 адам жұмылдырылған. Дезинсекция жұмыстарына 62 техника және 77 адам тартылған.
Previous Post

Түркістан облысының тұрғындарын Солтүстікке көшіруге қоғамдық ұйымдар да атсалысады

Next Post

Жетісайда 5 елді мекеннің ішкі жолдары жөндеуден өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz