gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда 5 елді мекеннің ішкі жолдары жөндеуден өтуде

23 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда 5 елді мекеннің ішкі жолдары жөндеуден өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданында республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды.Ал, ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 918,4 шақырым. Биылғы жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 ,9 млрд. теңге бағытталған.  Атап айтқанда:

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,1 млрд. теңгеге 5 елді мекенде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн. теңгеге жалпы ұындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге 55,1 млн. теңгеге жалпы ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.  Елді екендерге кіреберіс 2 көпірге жөндеу жұмыстарын жүргіу үшін 20 млн. теңге, аудандық маңызы бар 3 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджет есебінен 60,2 млн. теңге бөлінді.

Үстіміздегі жылға қоғамдық көлікті субсидиялау үшін 63 млн. теңге, автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарына 30 млн. теңге бөлінді. Бағдаршам орнату жұмыстарына 10,9 млн. теңге, бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын күтіп-ұстау жұмыстарына 6 млн. теңге, бейнебақылау камераларын орнатуға ЖСҚ әзірлеу үшін 3 млн. теңге бөлінген.

Сала мамандарының мәлімдеуінше, облыста автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады.

2023 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.

Previous Post

Түркістан облысында шіркеймен күрес жүйелі түрде жалғаса береді

Next Post

Мақтааралда электр желілері жаңартылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz