gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда электр желілері жаңартылуда

23 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтааралда электр желілері жаңартылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында республикалық бюджеттен 379,8 млн. теңге қаржы қаралып, Ж.Нұрлыбаев және Жамбыл ауылдық округі елді мекендерінің (Ж.Нұрлыбаев — 179 абонент, Жамбыл — 348 абонент) жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату жұмыстары жүргізілді. Оның құны 422,0 млн. теңге. Жамбыл ауыл округіндегі нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ж.Нұрлыбаев ауыл округіндегі нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 36,3 млн. теңге қаралып, Мырзакент кентіндегі Жақаев көшесіне, Атакент кентіндегі Жібек жолы, Замана, Би көшелеріне және А.Қалыбеков ауыл округіне қарасты болған Жамбыл елді мекеніндегі Т.Жанысбайұлы көшесіне электр желілерін жүргізу және КТП орнату жұмыстары жүргізілді. Жалпы қаржысы 38,6 млн. теңге.

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында: 22,3 шқ – 10 кВ электр желісі, 27,2 шқ – 0,4 кВ электр желісі,  10 дана КТП ауыстырылды.

Реті келгенде тоқтала кетейік, өңірімізде елді мекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Яғни шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты адамдарға жүктеледі.Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жолданды.

Сапалы табиғи газбен қамтылу барысына да, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша  да нормативтік талапқа сәйкес емес қосылған абоненттер саны, орнатылған трансформатордың қуаты, электр, орнатылған газ, су желілерінің техникалық жағдайы бойынша толық мәлімет алынады. Биыл халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 47,2 млрд. теңге болатын 71 нысанның құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы 40 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған 31 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде жыл соңына дейін 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғын сапалы жарықпен қамтылады.

Previous Post

Жетісайда 5 елді мекеннің ішкі жолдары жөндеуден өтуде

Next Post

Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірыңғай байланыс орталығының жұмысын оң бағалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz