gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірыңғай байланыс орталығының жұмысын оң бағалады

23 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірыңғай байланыс орталығының жұмысын оң бағалады
Share on FacebookShare on Twitter
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан қаласындағы 109 — бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылы іске қосылған болатын. Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген.
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған орталыққа арнайы барып, жұмысымен танысты. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған істер мен жұмыс механизмі туралы баяндап өтті. Облыс басшысы мамандармен кездесу барысында халықпен кері байланыс орнату маңызды екеніне тоқталды.
— Әрбір тұрғынның мәселесін, мұң-мұқтажын мұқият қараңыздар. Біз ашық болуымыз керек. Көтерілген проблемалар мен айтылған ұсыныстарды саралап отырсақ, жұмысымызды оңтайландыратыны белгілі. Сондықтан сіздерге жауапкершілікті сезіну жүктеледі, — деді Дархан Амангелдіұлы.
Байланыс орталығы әкімдік жұмысының сапасын жақсартуға өз септігін тигізіп келеді. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының арыз-өтініштерін тіркей отырып, өзекті мәселелер зерделеніп, ұсынылуда. Келіп түскен талап-тілектер негізінде инфрақұрылымдық жүйелер бойынша орын алған олқылықтарды шұғыл ретке келтіру шаралары атқарылуда. Орталыққа келіп түсетін өтінімдер 5 категория бойынша қаралады. Олар: кеңес беру, оқиға, ұсыныс, шағым және алғыс.
Жыл басынан бері Түркістан қаласы бойынша 42 мыңнан астам өтінім қабылданған. Оның 400-ге жуығы қаралу үстінде, ал қалған талап-тілектер оң шешіліп, өтініш иелеріне жауабы жолданған. Шағымдардың басым бөлігі инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік салаларға қатысты тіркеледі.
Бірыңғай байланыс орталығында оператор, инспектор, PR-менеджер, талдау секторының меңгерушісі, сапаны бақылау талдаушысы, методолог-талдаушы және талдаушы мамандары сынды жалпы 41 адам 4 ауысыммен қызмет етеді. Мұнымен қоса, қала аумағы 6 секторға бөлінген және әр секторда байланыс орталыққа бағынысты дербес бөлімдер бар. Онда 82 адам жұмыспен қамтылған.
Азаматтар орталыққа 109 қысқа нөмірлі байланыс телефонына қоңырау шалу арқылы өтінім білдіре алады. Call-орталық тәулік бойы қызмет атқарады. Одан бөлек, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда, WhatsApp мессенджерінде, Telegram желісіндегі чат-ботта өтінімдер қабылданады. Айта кетейік, Бірыңғай байланыс орталығының қызмет көрсету барысында тұрғындардың өтініштері SLA жүйесіне негізделген регламент бойынша орындалады.
Previous Post

Мақтааралда электр желілері жаңартылуда

Next Post

Биыл Бәйдібекте 5 ауыл тұрғындары газбен қамтамасыз етіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz