Қазіргі таңда облыста аудандар мен қалаларда тұрғындар коммуналдық-шаруашылық, әсіресе, газ мәселесін жиі көтереді.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариеваның айтуынша, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 831 елді мекеннің 457-сі табиғи газбен қамтылған. Елді мекендегі халық санымен есептесе, 1 млн. 529 мың тұрғын немесе тұрғындардың 73,7 пайызы табиғи газды қосу мүмкіндігіне қол жеткізген.2022 жылы 70 нысанның құрылысына 15,9 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 9 нысанның (10 елді мекен,1 АГТС, 32198 тұрғын) құрылысы биыл аяқталады. Қалған 61 нысан 2023 жылға өтпелі.
Биыл 467 елді мекен (56,2%) немесе 1 млн. 561 мың тұрғын (75,2%) табиғи газды қосуға мүмкіндік алады.Алдағы 3 жылда қосымша 255 елді мекен табиғи газға қосылады. Нәтижесінде 2025 жылы елді мекендерді газбен қамту деңгейі 722 елді мекенге (86,8%) немесе 2 млн. халыққа жеткізілмек.
Енді осы бағытта аудандарда атқарылып жатқан жұмыстардың барасына тоқтала кетейік. Мәселен, Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметтеріне сүйенсек, мұнда аудан аумағында орналасқан 17 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Атап айтар болсақ, олар: Шаян, Шалдар, Жамбыл, Ақбастау, Екпінді, Шыбыт, Боралдай, Тасқұдық, Сарқырама, Ынтымақ, Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Мәдениет, Қосбұлақ, Жүзімдік, Ақбұлақ елді мекендері. 2021-2023 жылдары аралығында 5 ауылды, атап айтар болсақ, Амансай, Түйетас, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаржыларға тиісті мердігер мекемелер тарапынан құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілу үстінде. Нысандар биыл жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар, биылғы жылы 6 нысанда, атап айтар болсақ, Тайманов елді мекеніне жеткізуші газ жүйелері, Жиенқұм елді мекенін, Шақпақ елдімекенін, Шақпақ елді мекенін, Қазата елді мекенін және Бәйдібек ата елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына қаржысы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурстары арқылы жеңімпаз болып таңылған мердігер мекемелер жұмыстарын бастап кетті.
Бұдан бөлек биыл 9 нысанды, атап айтар болсақ, Жоғарғы-Боралдай елді мекенін, Тайманов елді мекенін, Теректі елдімекенін, Қазата елдімекенін, Ағыбет елдімекенін, Алғабас елдімекенін, Алғабас елдімекенін, Кеңестөбе елдімекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына тиісті қаржысы қаралып, жеңімпаз мердігер мекемелерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, оның ішінде 5 нысанға, атап айтар болсақ, Жоғарғы-Боралдай елді мекеніндегі, Тайманов елді мекеніндегі, Теректі елді мекеніндегі, Қазата елді мекеніндегі, Алғабас елді мекеніндегі жұмыстарды жүргізетін мердігер мекемелер анықталса, қалған 4-уі (Ағыбет е/м жеткізуші газ жүйелері, Ағыбет е/м ішкі газ жүйелері, Алғабас е/м жеткізуші газ жүйелері, Кеңестөбе е/м ішкі газ жүйелері) анықталу үстінде.
Сонымен қатар, 11 нысан (о.і. Кеңес е/м ішкі газ жүйелері, Кеңес е/м жеткізуші газ жүйелері, Жыланды е/м ішкі және жеткізуші газ жүйелері, Ақтас е/м ішкі газ жүйелері, Ақтас е/м жеткізуші газ жүйелері, Теректі е/м ішкі газ жүйелері, Жоғарғы Боралдай е/м жеткізуші газ жүйелері –, Бірлік е/м жеткізуші және ішкі газ жүйелері, Жаңаталап е/м жеткізуші және ішкі газ жүйелері, Таңатар е/м ішкі газ жүйелері, Таңатар е/м жеткізуші газ жүйелері) және Шаян елді мекеніндегі 20 коммуналдық (жалдық) тұрғын үйлерді және 55 га инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымында салынатын тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2023 жылы жоғары тұрған бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінімдері ұсынылған.
Ал, 9 нысанға (Қошқар ата е/м жеткізуші газ жүйелері, Қошқар ата е/м ішкі газ жүйелері, Тұрақты е/м ішкі және жеткізуші газ жүйелері, Жұлдыз е/м ішкі және жеткізуші газ жүйелері, Қаратас е/м ішкі және жеткізуші газ жүйелері, Ақжар е/м ішкі және жеткізуші газ жүйелері, Кеңсай е/м ішкі және жеткізуші газ жүйелері, Жарықбас е/м ішкі және жеткізуші газ жүйелері, Алмалы е/м ішкі және жеткізуші газ жүйелері) жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, жобалар әзірленуде.4 ауылға (Қызылжар, Нұра, Үсіктас, Байжансай) табиғи газ құбырын тарту жұмыстары экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып саналады.
Жалпы өңірімізде табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан тиімсіз елді мекендер баршылық. Айталық, Келес ауданында бүгінгі таңда 50 елді мекен табиғи газ жүйелерімен қамтылған болса, 7 елді мекенге мұндай «көгілдір отынды» жеткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып отыр. Қазіргі таңда Келес ауданында 13 елді мекенді газдандыру жұмыстары қарқын алған.