gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран, Ясы, Отырар қалашықтары ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізіледі – Министр

23 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауран, Ясы, Отырар қалашықтары ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізіледі – Министр
Share on FacebookShare on Twitter
2025 жылға қарай ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне тағы 6 нысан енгізіледі. Бұл жайында еліміздің Мәдени саясатының тұжырымдамасын таныстырған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті.
Аталған нысандардың қатарында Түркістан облысындағы Сауран, Ясы, Отырар қалашықтары бар.
«Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне Қазақстан Республикасынан 10 нысан енгізілген. 2025 жылға қарай олардың санын 16-ға дейін арттыру жоспарда бар. Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірлесіп, «Ұлы Жібек жолы: Ферғана – Сырдария дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын дайындау және ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Оның аясында Ұлы Жібек жолы бойындағы 6 нысанды: Сығанақ, Сауран, Ясы, Отырар, Жанкент қалашықтары мен Жетіасар оазисінің ескерткіштерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланып отыр», — деп жазды министр Telegram-парақшасында.
Оның атап өтуінше, Қазақстанның мәдени брендін дамыту үшін мәдени туризмді жолға қою маңызды.
«Қазірдің өзінде Сарайшық, Ұлытау, Таңбалы және Отырар визит-орталықтарын пайдалануға бердік. Жақын арада Гаухар-Ана, Сауран, Есік және Ордабасы республикалық музей-қорықтарының аумағында визит-орталықтардың құрылысын аяқталады. Сондай-ақ, ашық аспан астындағы «Бозақ» ұлттық археологиялық саябағын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы күндері ортағасырлық архитектуралық стильде кіреберіс қақпалары салынуда», — деді ол.
Министр соңғы үш жылда 8 археологиялық ескерткіш (Берел, Бытыгай, Ботай, Бозок, Рахат, Сарайшық және т.б.) зерттелгенін атап өтеді. Ол жұмыстар биыл аяқталмақ.
«2030 жылға қарай біз ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерінің үлесін олардың жалпы санының 40 пайызына дейін жеткізуге ниеттіміз. Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының Ұлттық тізбесін толықтыру жұмыстары жалғасады. 2030 жылға қарай біз ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізімінде ұсынылған Қазақстан мәдениетінің элементтерінің санын 20 бірлікке дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл – біздің рухани байлығымызды насихаттау, дамыту және сақтау бағытындағы маңызды қадам», — деді Асхат Оралов.
Previous Post

Биыл Бәйдібекте 5 ауыл тұрғындары газбен қамтамасыз етіледі

Next Post

Сауран өңір туризмі үшін маңызды аудан саналады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz