gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран өңір туризмі үшін маңызды аудан саналады

23 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауран өңір туризмі үшін маңызды аудан саналады
Share on FacebookShare on Twitter

Осыдан екі жыл бұрын құрылған Сауран ауданы өңір туризмі үшін өте маңызды аймақтардың бірі болып табылады. Сонымен бірге, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан аудан халқы ауыл шаруашылығына да ерекше ден қойған. Қазіргі таңда көне шаһарда жаңа ғимараттар бой көтеріп, аудан күннен-күнге ажарланып келеді. Айталық,  ауданға биылғы жылдың І тоқсанының өзінде 6 млрд. 428,9 млн. теңге инвестиция тартылыпты. Жалпы, 2023 жылы құны 13 млрд. 129 млн. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Жоғарыда айтып өткендей ауданының экономикалық әлеуетін дамытудың негізгі бағыттарының бірі туристік кластерді дамыту болып табылады.Аудан аумағында 54тарихи-мәдени нысандар бар. Келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (жоба құны 320,0 млн. теңге, қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ)

Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Жүсіп ата кесенесіне «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталды (жоба құны 97,0 млн. теңге, кәсіпкерлердің демеушілігімен жүргізілді).

Бекітілген кешенді жоспарға сәйкес 2022 жылы туризм саласында негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 500,0 млн. теңге болса, нақты 811,8 млн. теңгеге немесе 162,3 пайызға орындалды.

Previous Post

Сауран, Ясы, Отырар қалашықтары ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізіледі – Министр

Next Post

Түркістан қаласын дамыту мәселесі жан-жақты сарапталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz