Жетісай ауданында 105 елді мекеннің біреуінеауыз су құбыры тартылмаған. 104 елді мекен орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған, оның 74-інде 24 сағат, 30-ында ауыз су кестеге сәйкес берілуде.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға өтпелі Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына өткен жылға облыстық бюджеттен 272 млн 289 мың теңге бөлінген болатын. Жаңа ауыл ауылдық округінің 4 елді мекеніне сумен жабдықтау жүйелерін салу нысанына республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Қазыбек би ауылдық округінің 2678 тұрғыны бар Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 422 млн 778 мың теңге, Ж.Ералиев ауылдық округінің 1967 тұрғыны бар Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына 610 млн 613 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, Мақталы ауылдық округіндегі 4 елді мекенінде, Ж.Ералиев ауылдық округінде 1 елді мекенінде, Қызылқұм ауылдық округіндегі 1 елді мекенінде ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға аудандық бюджеттен 136 млн 652 мың теңге, «Мембарана», «Омега» қондырғыларына және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 52 млн 670 мың теңге бөлінді.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше,облыста 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен пайдалануда. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге. Биыл 831 елді мекеннің 736-сын немесе 88,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.