Мақтаарал ауданы аумағында жалпы ұзындығы 339,5 шақырым автомобиль жолы бар, оның ішінде республикалық маңызы бар жол 86,5 шақырымды, облыстық маңызы бар жол 190,4 шақырымды құрайды. Аудандық маңызы бар жол 62,6 шақырым. Ал, елді мекендегі ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 554,4 шақырым. Былтыр бюджеттерден бөлінген қаржыларға сәйкес жалпы 53,4 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдар (2 нысан 2,6 шақырым) мен елді мекендердің ішкі көшелері орташа (56 көше (46 нысан) 46,5 шақырым және ағымдағы жөндеуден (6 нысан) 4,2 шақырым өткізілді.
Атап айтсақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 440 млн теңгеге ұзындығы 21,6 шақырымды құрайтын елді мекендердің 27 ішкі көшелеріне орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 22 көшенің жол негізі (основание) әзірленіп, 22 көшеге асфальтобетон жамылғысы төселді, 6,3 шқ құрайтын 5 нысан 2023 жылға өтпелі, қаржысы 88 млн теңге.
Облыстық бюджеттен 74 млн теңгеге ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын 4 ішкі көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржысы қаралды. Асфальт төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетін болады. Қосымша қажетті қаржы 21,8 млн теңгені құрайды.
Автомобиль жолдары саласын дамыту бойынша жергілікті бюджеттен (субвенция) құны 309,2 млн. теңгеге ұзындығы 20,7 шақырымды құрайтын елді мекендердің 25 ішкі көшелеріне орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстарына қаржы бөлінген. 25 көшенің барлығына асфальтобетон жамылғысы төселді. Қосымша қажетті қаржы 104,4 млн теңгені құрайды.
Жергілікті бюджеттен 15 млн теңгеге ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын 6 ішкі көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарына қаржы бөлінген. Қосымша қажетті қаржы 3,0 млн теңгені құрайды. Тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.
Аудандық маңызы бар Шұғыла (1,98 шқ) және Жаңатұрмыс (0,6 шқ) елді мекендеріне кіреберіс автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына 68,8 млн. теңге қаржы қаралып 2,6 шқ жолға асфальтобетон жамылғысы толық төселді. Нысандар 2021 жылдан 2022 жылға өтпелі.
Бұйыртса,биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 923 млн теңгеге 42,6 шақырымды құрайтын елді мекендердің 57 ішкі көшелеріне орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі. Облыстық бюджеттен 21,5 млн теңгеге ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын 1 ішкі көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржысы қаралды. Нысан 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі. Асфальт төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, автомобиль жолдары саласын дамыту бойынша жергілікті бюджеттен (субвенция) құны 389,6 млн. теңгеге ұзындығы 23,9 шақырымды құрайтын елді мекендердің 30 ішкі көшелеріне орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстарына қаржы бөлінген. Оның ішінде құны 62 млн теңгені құрайтын (ұзындығы 7 шқ болатын 10 көше) 5 нысан 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі. Жергілікті бюджеттен 30 млн теңгеге 4,9 шақырымды топырақты жолға тас төселетін болады.
Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады.
Қазіргі таңда өңірімізде жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Мәселен, бүгінде Кентау қаласы мен Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың аралығында салынып жатқан жол аяқталуға жақын. Кенді шаһардан облыс орталығына барар жол 26 шақырымды құрайды. Жоба құны – 8 млрд. теңге. Айналма жол биыл пайдалануға берілмек. Айта кетейік, Кентау қаласында бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын аттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Облыс басшысы маңызды жолдың жан-жағына көшеттер отырғызып, абаттандыруды міндеттеді.
Сауран ауданындағы Түркістан және Жамбыл облыстарының шекарасындағы «Құмкент–Шолаққорған–Ащысай–Р–31» автомобиль жолының құрылыс алаңында да құрылыс жұмыстары қызған. Мұнда орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталған. Нысанды оcы жылдың қазан айында тапсыру жоспарлануда. Жоба құны – 1,9 млрд. теңге. Автомобиль жолының ұзындығы 31,3 шақырымды құрайды.
Сауран ауданына қарасты «Кентау қаласы Құсшы ата елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын» күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Былтыр басталған құрылысты 2023 жылдың маусым айында аяқтап, жолды пайдалануға беру жоспарлануда. Автомобиль жолының ұзындығы – 7,5 шақырым.
Биыл облыста 2023 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген.