Сауран ауданында маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар.
Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Оның ішінде: 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар.
Облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар (Құсшыата) автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі.
«Ауыл — Ел бесігі» жобасы шеңберінде 15 шақырымды құрайтын
18 көшеге (Шорнақ) орташа жөндеу жұмыстары, жарықтандыру жүргізілді.
2022 жылы аудандық бюджет есебінен 277 дана жол белгілері,
42 дана жол кедергілері, Шорнақ елді мекенінде 2 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылды.
Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан – Шорнақ» және «Түркістан — Ескі Иқан» бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған.
2023 жылы ауданішілік 6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, олар:
· Құмайлықас – Шорнақ;
· Ескі Сауран – Шорнақ; · Шорнақ – Нұртас; · Қаражон – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы; · Абай – Шорнақ — Қазақстанның 30 жылдығы; · Жалаңтөс — Қазақстанның 30 жылдығы бағытындағы жолдар. |
Реті келгенде айта кетейік, қазіргі таңда өңірімізде инфрақұрылым мәселесі қатаң бақылауда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, өңірімізде жол салу жұмыстары қарқын ала түсті. Облысқа келетін күре жолдардың барлығы бүгінде күрделі жөндеуден өткізілуде. Маңызды жобалардың қатарында Түркістан–Шәуілдір бағытындағы жол да бар. Жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар осы автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Аталмыш нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары 4 учаскеге бөлініп, кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Атап айтсақ, Түркістан–Шәуілдір I учаске (11,4 шқ), Түркістан–Шәуілдір II учаске ( 17,7 шқ), Түркістан–Шәуілдір III учаске (17,6 шқ), Түркістан–Шәуілдір IV учаске (17,4 шқ).
Бүгінгі таңда, Шәуілдір елді мекенінен Түркістан қаласы бағытына қарай 35 шақырым (III-IV учаске) аралықта жолды кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу барысында жол бойындағы су өткізгіш құбырлар және көпірлер қайта құрудан өтіп, жолдың ені 2 жолақтыдан 4 жолақтыға кеңейтілуде. Яғни жолдың ені 8 метрден15 метрге дейін ұлғаяды.
Қайта құру жұмыстарын III учаскеде мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС және IV учаскеде «Отау-Строй» ЖШС жүзеге асыруда. Нысанды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, соңғы жылдары Жетісайда да жолдардың сапасын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыра отырып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға 2023 жылға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 983,5 млн. теңге қарастырылып отыр.
Өткен жылы аудандағы жол жөндеу жұмыстарына 1 418,2 млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 77 көше орташа жөндеуден өтті. Жетісай ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 млрд. 111,1 млн. теңгеге Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сейфуллин (Жылы су), Сұлубұлақ елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көше орташа жөндеуден өткізіледі.