Бүгінде облыс аумағында 826 елді мекеннің 810-ы орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған 16 елді мекен дербес электр қондырғыларына қосылған. Облыста 47 электр нысанының құрылысы жүріп жатыр. 2023 жылы 40 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда, 7 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Қазіргі таңда өңірімізде инфрақұрылым нысандарының құрылысына бақылау күшейе бастады. Реті келгенде облысымызда тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. Айталық, Сауран ауданында 7 ауыл округіне 28 трансформатор орнатылды. Сауран ауданындағы 5кВт, 10кВт,0,4 кВт электр желілері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның теңгерімінде. Трансформаторлар: «Оңтүстік Жарық Транзит» 363 дана, ауыл округ 61 дана, иесіз 26 дана. Ауданға қарасты болған Жаңа Иқан, Жүйнек, Орынғай, Иассы, Ескі Иқан, Майдантал ауыл округтеріне 12 дана трансформаторлар орнатылды.
Бұйыртса, биыл Шаға, Бабайқорған, Оранғай, Майдантал, Қарашық, Жүйнек, Үшқайық ауылдық округтеріне 28-дана транформатор орнату жұмыстары, Майдантал ауыл округіндегі Жангельдин көшесіне жарық шамдарын орнату жұмыстары және Ораңғай ауыл округіндегі Тастақты, Ораңғай көшелеріне жарық шамдарын орнату жұмыстары, Жібек Жолы ауыл округіндегі А.Оразбаев көшесіне жарық шамдарын орнату жұмыстары қолға алынбақ.
Тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында ауданда әзірленіп жатқан сметалық-жобалық құжаттар жайында да ақпар беріп кетейік. Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекені тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізудің, Шорнақ ауылдық округіне қарасты Шорнақ және Қосмезгіл елді мекендері тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында құрылыс жұмыстарын жүргізудің, Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Ескі Иқан елді мекені тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстарының, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Бабайқорған елді мекені тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізудің, Жүйнек ауылдық округіне қарасты Жүйнек елді мекені тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстарының және Оранғай ауылдық округіне қаоасты Оранғай елді мекендері тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстарының сметалық-жобалық құжаттамалары әзірленді.
Мақтаарал ауданы аумағындағы Атакент ауылына да электр желілері тартылып, тұрғындар қуанған болатын. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында республикалық бюджеттен 379,8 млн.теңге қаржы қаралып, Ж.Нұрлыбаев және Жамбыл ауылдық округі елді мекендерінің жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін тарту және КТП орнату жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, Ж.Нұрлыбаев ауыл округінде 179 абонент, Жамбыл ауыл округінде 348 абонент бар. Жобаның жалпы құны 422,0 млн. теңгені құрады. Жамбыл ауыл округіндегі нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ж.Нұрлыбаев ауыл округіндегі нысанда құрылыс жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Сала мамандары құрылыс жұмыстарын аяқтауға қосымша 42,2 млн.теңге қажет екенін айтады.
Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 36,3 млн. теңге қаралып, Мырзакент кентіндегі Жақаев көшесіне, Атакент кентіндегі Жібекжолы, Замана, Би көшелеріне және А.Қалыбеков ауыл округіне қарасты Жамбыл елді мекеніндегі Т.Жанысбайұлы көшесіне электр желілерін жүргізу және КТП орнату жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 38,6 млн. теңге.
Жалпы облысымыз электр қуатына тапшы өңірлердің бірі болып саналады. Аймақтың орташа қажеттілігі 320 МВт/сағ құрайды. Оның 20%-ын ішкі энергетикалық көздер өндірсе, 80%-ы еліміздің солтүстік өңірінен және Шымкент, Тараз қалаларындағы стансалардан тасымалданады. Облыс аумағындағы 831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған шалғайдағы 16 елдімекен дербес электр қондырғыларын пайдалануда. Биыл 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамту көзделіп отыр.
Жоғарыда айтып өткеніміздей биыл электрмен қамтамасыз етуге арналған 47 нысанның құрылысына бюджеттен 7,1 млрд. теңге қаралған болатын. Бұл қаражаттың 361,4 млн. теңгесі ұлттық қордан, 3,5 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 3,2 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді. Бұйыртса, биылғы жыл соңына дейін 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қалған 7 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болады.
Одан бөлек, елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, 10/0,4 кВ электрмен қамтамасыз ету құрылысының 28 жобасын және келесі ірі жобалардың құрылысын іске асыру үшін 2023 жылдың бюджеттік нақтылауында республикалық бюджет есебінен жалпы 13,9 млрд. теңгеге қаржыландыру ұсынылды. Соның ішінде 2023 жылға қажетті қаржы — 8,7 млрд. теңге.
«Түркістан қаласында жобаланып отырған 110 кВ қосалқы станцияларды пайдаланудағы 110 кВ желілермен сақиналау үшін 110 кВ электр өткізу желісін салу» жобасы «Орталық» ҚС-тан «Яссы» ҚС-қа дейінгі аумақты қамтиды. «Сметалық құжаттаманы түзету ЖЖ» жобасы іске асырылған жағдайда, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы орналасқан әкімшілік ғимараттары, көпқабатты тұрғын үйлер, мәдениет, спорт орталықтары, әлеуметтік нысандар, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын тұрақты, сапалы электр энергиямен қамтамасыз етіледі. Оның сметалық құны — 4,4 млрд. теңге.
Сонымен қатар, «Ордабасы ауданында 220/110/10 кВ «Бадам» қосалқы станциясын салу» жобасы іске асырылған жағдайда, Ордабасы, Арыс, Отырар, Шардара аудандарындағы 320 мың тұрғындарын және Қазақ-Түрік индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын нысандарын төмен тарифті, сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның сметалық құны — 11,0 млрд. теңге.
Реті келгенде айта кетейік, жақында Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кенті мен Абай, Жаскешу, Жаңаталап, Жабағылы, Керейт, Т.Рысқұлов, Ынтымақ елді мекендерінде тозығы жеткен 782 электр бағанасы мен 32,55 шақырым электр желісі жаңартылды. Бұдан бөлек тозығы жеткен 5 трансформатор жаңартылып, электр қуаты төмен 2 елді мекенге қосымша 2 трансформатор орнатылды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Түлкібас аудандық электр желілері бөлімінің басшысы А.Досовтың мәлімдеуінше, ауданда тұрғындар тарапынан көтерілген үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, ескірген электр бағаналарын ауыстыру сынды мәселелер жоспарға сай рет-ретімен шешімін тауып келеді.