gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар азаймай отыр

23 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар азаймай отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиынның күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

Қалалық қаржы және экономика бөлімінің басшысы И.Азизбаев биылғы жылғы 4 айдың қорытындысымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаса, қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Т.Сүлейменов қала және оған қарасты ауылдарда заңсыз жер қойнауын пайдалануды алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған шаралар туралы мәлімет берді.

Қалада жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 9 дерегі анықталған. Аталған фактілер бойынша облыстық экология департаменті тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарымен әкімшілік айыппұлдар салынды.

Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 15,4 шақырымды құрайтын 18 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда Ш.Құдайбергов, И.Тайманов, М.Өтемісұлы, Камалов, Геологиялық көшелеріне тас төсеу, нығыздау, су құдықшалардың бетін жол деңгейіне дейін көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қалалық ТҮКШ және АЖ, ТИ бөлімінің басшысы Т.Қасымбековтің сөзіне сүйенсек, қазір орталық А.Ясауи, С.Сейфуллин, Д.Қонаев, Құрманғазы, Абылайхан, А.Құнанбаев және Болашақ, Жұлдыз мөлтек аудандары бойынша ішкі көшелердегі шұңқырларды жамау жұмыстары іске асуда. Сондай-ақ, 37,4 шақырымды құрайтын 22 көшеге жол таңбалу жұмыстары жүргізілген.

Аппараттық кеңесте Кентау қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілердің СКУД жүйесін пайдалану бойынша қала әкімдігі аппаратының бөлім басшысы М.Абдиев және хаттардың уақытылы орындалуы бойынша бөлім басшысы А.Сейтметова бірқатар мәліметтерді ұсынды.

Previous Post

Кентауда Жайдарман ойындары өтті

Next Post

Мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін ашқандар көбейіп келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz