gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келесте шалғайдағы қос ауылды жалғайтын жол жөнделіп жатыр

26 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келесте шалғайдағы қос ауылды жалғайтын жол жөнделіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Келес ауданында тозған инфрақұрылым жүйелері жаңартылып, жөндеуді қажет ететін көшелерге асфальт жабындысы төселіп жатыр. Аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінің инфрақұрылымдары жаңартылып жатыр.
Бұл мәселелерді жергілікті тұрғындар Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен кездесуінде сұранған болатын. Нәтижесінде Жамбыл ауылдық округінің Бекбота және Ащыкөл ауылдарын жалғайтын 9,7 шақырымдық аудандық маңызы бар автожолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Өткен жылы Бекбота мен Ащыкөл елдімекендерін жалғайтын аудандық маңызы бар автожолды күрделі жөндеуден өткізу бойынша тиісті жұмыстар басталған болатын. Былтыр 3 шақырым жолға асфальт төселсе, биыл қалған жол істеліп жатыр. Тұрғындар осы мәселені тездетіп шешіп, ел игілігіне тапсырса екен деп сұранған еді. Сұраныс қанағаттандырылып, жұмыстар таяу арада аяқталады, — деді Жамбыл ауылдық округінің әкімі Талғат Байдуллаев.
Келес ауданы 2018 жылы өз алдына жеке аудан мәртебесін алғалы бері, инфрақұрылым жұмыстары қарқынды түрде жаңартылып жатыр. Өткен 5 жыл ішінде 14 ауылға газ берілсе, жыл соңына дейін тағы 9 ауыл толық газбен қамтылады. Ал ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайы 2018 жылы 22 пайызға жетсе, биыл 60 пайызға жеткізу көзделген.
Previous Post

Әр сала бойынша статистикалық көрсеткіштер айтылып, талданды

Next Post

Түркістан және Юэцин қалалары арасында меморандум жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz